Есім хан Қазақ хандығының біртұтастылығын қалай сақтап қалды? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

 Есім хан Қазақ хандығының біртұтастылығын қалай сақтап қалды? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастылығын қалай сақтап қалды? 2-сабақ
Оқу мақсаты: 7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
7.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау
Сабақ мақсаттары: - Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының дамуын анықтау
- Жәңгір ханның тұсындағы Қазақ хандығының дамуын анықтау.
Стимул тудыратын сурет
Сабақтың тақырыбымен,оқу мақсатымен таныстыру.
Б.Тұрсын ханмен жүргізген соғыстан басталады.
О.Сабақ басында Есім ханға қатысты ақпаратпен танысады
Б. Мәтінмен танысқаннан кейін оқушылар оның мазмұнын талқылайды.
О. Есім ханға мінездеме беруге тапсырма беріледі.
Б. Есім ханға қатысты дерекпен танысқан соң, оқушыларға сұрақ қойылады: Есім хан мен Тұрсын ханның арасында неліктен қарама – қайшылық пайда болды? Оқушылардың болжамдарын тыңдап, мұғалім жауабымен толықтырылады.
М.Картаны пайдалана отырып саяси шиеленісті түсіндіреді.
О. Алған білімдеріне негізделе отырып, кескін картаға Тұрсын хан мен Есім ханға қараған жерлерді түрлі бояулармен белгілеуге тапсырма беріледі.
М. Біртұтас қазақ хандығының екіге бөлінуінің зардаптарын деректі материалдан анықтауға тапсырма беріледі.
Сергіту сәті
О. Оқушыларға төмендегі фактілерді талдауға тапсырма беріледі:
- «1613 ж. Имамкули хан қазақ сұлтаны Тұрсынды Ташкент билеушісі деп жариялады. Өз атынан теңгесін соғып, жер салықтарын өз пайдасына ала бастады».
- «Есім хан қалмақтарды шабуға кеткенде, Тұрсын сұлтан жағдайды пайдаланып, басып алу және оның адамдарын қырып салу үшін Түркістанға, Есім ханның ордасына әскерін жіберген. Жауынгерлер көптеген адамдарды қырып, Есім сұлтанның әйелдері мен балаларын қолға түсірген».
Ж. Оқушыларға Тұрсын ханның іс-әрекетіне «опасыздық, сатқындық, адалдық, елжандылық» ұғымдарын қолданып ауызша баға береді.
Б. Берілген фактілерді талдау нәтижесінде оқушылар Есім ханның Тұрсынды неліктен өлтіргенін түсінеді.
Б. Есім хан Қазақ хандығының тұтастығын қалай сақтап қалды? деген сұраққа оқушылар дәйектерді келтіре отырып, жауап береді.
Осы сұраққа жауап беруде «Есім ханның ескі жолы» заңының ықшамдалған мәтінін беріледі.
Зерттеу сұрақтары:
 Есім хан қандай тұлға, оның Түркістандағы ескерткішін көруге неге халық жиі барады?
 Оның билігі кезінде хандықта қандай оқиғалар орын алды?
 Қандай қиын жағдайларды шешу қажет еді?
 Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 098



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі