Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау. (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау. (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме? Мектеп:
Сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.
Оқу мақсаты: • «Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын біледі.
• Карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын көрсете алады;
• Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын біледі.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру
«Сұрақтарды ұстап ал» старатегиясы
• Қыпшақтар осындай ұлан-байтақ жерге ие болуының себептері қандай?
• Қыпшақ тайпаларының этникалық ерекшеліктері, шаруашылығы туралы қандай тарихи деректер ақпарат береді?
• Қыпшақтар қандай елдермен саяси қарым-қатынаста болды?
2) «Мозайка» қиынды суреттерді құрастыру арқылы жаңа тақырыпқа болжам жасайды. Ол үшін оқушыларды 4 топқа бөлу. Төмендегі суреттерді мозайка жасап, қиып құралған суреттер бойынша топ жасақталады.
1-сурет: Керуен 1-топ
«Ұлы Жібек жолы» атауының шығуы осы уақытта Батыс елдері үшін қымбат тауар – жібекпен байланысты. Жібек құртынан жібекті дайындау құпиясын қытайлықтар шамамен 5 мың жыл бұрын ашса, белгілі жібек шаруашылығын зерттеуші А.А.Тихомиров оның нақты уақытын – б.з.д. 298 жыл деп атап өтеді. Қытай аңыздары бойынша ең алғаш алынған жібек жіп Си Линг-чи патша ханымға тәуелді болды. Шай ішу кезінде патша ханым шыныаяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді, сосын құрттың жібін тарқатып алады, солай алғашқы жібек жіп алынады, ал Си Линг-чи император әйел осы үшін ризашылық ретінде Аспан асты империясының құдайын тұрғызды, оның құрметіне осы күнге дейін Қытайдың көптеген аудандарында жыл сайын ғұрыптық мейрамдар өткізіледі.
2-сурет: Құмыра; 2-топ
Бірқатар зерттеушілер жібек ша¬руашылығының отаны Шан-дунь провинциясы, өйткені б.з.д. 2255 жылдың өзінде-ақ қытай патша ханымына салық ретінде жібек мата төлеген деп есептейді. Әсіресе, жібек шаруашылығы б.з.д. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында ақша, мата дайындау, салық төлеу, сауда келісімдері барысында есептесу жібектен болған кезде кеңінен дамыды. Бірқатар ғалымдар таза жібектің отаны Үндістанның таулы аудандары десе, келесі біреулері – Батыс Гималай, тіпті Иран деп есептейді. Дегенмен, бомбикстің отаны, осы күнге дейін жібек құртының жақын аталасы – теофиль мандарин көбелегі өмір сүретін Солтүстік Қытай болып табылады.
3-сурет: Мата; 3-топ
Табиғаттағы жібек құртын қара¬па¬йым жинаудан қолға үйретуге дейінгі сатыда бірнеше жүздеген жылдар өткен. Жібекті алу үдерісі ежелгі уақытта қалай болса, бүгінде де тура сондай. Екі құрт шағылысқаннан кейін, аталығы өліп, аналығы 600-700-ге дейін жұмыртқа-ұрық тастайды. Көктемде (сәуір айында) ұрық жылы бөлмеге кіргізгеннен кейін, 10-12 күнде одан кішкентай қырықбуынды жібек құрты шығады. Олар өте қомағай болып келеді. Негізгі қорегі тұттың жапырағы болған олар өзінің салмағынан анағұрлым көп жейді. 30 күнге созылатын өзінің өмірінде қырықбуынның салмағы 10000 есе артады. Өзінің өсуінде ол бес жастан немесе түлеуден өтеді. Бесінші жасында жібек жібінің өзі жасалынады. Жібек бөлетін бездің нәрселері сыртқа шығып екі қабатты жіпке айналады, сосын қырықбуын үш күн бойы өзіне орауында жібек құрты пайда болады. Бір жібек құртында жібек жіптің ұзындығы есеп бойынша 100-2000 метрге дейін жетеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 792



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі