Моңғол империясының құрылуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 Моңғол империясының құрылуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Моңғол империясының құрылуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
Сабақ мақсаттары: XIII ғасырдың басында Еуразияның саяси картасында қандай өзгеріс орын алғанын анықтайды.
(Б) БЫМ. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту үшін бастапқы ынталандырушы материал ретінде суреттер мен тірек сөздерді сәйкестендіруді ұсыныңыз. Бұл іс әрекеттен кейін қай мәселемен таныс емес екенін сұраңыз.
(М) Сыныптық талқылаудан кейін оқушыларды сабақ тақырыбына алып келіңіз.
(М) Жаңа сабақтың тақырыбын, зерттеу сұрағы, мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Зерттеу және талдау
1-тапсырма
М. Оқушыларға моңғол империясының құрылуы туралы бейнебаян көрсетіп, келесі сұрақтарға жауап алыңыз.
• Моңғолия жерінде өмір сүрген тайпаларды атаңыз?
• Шыңғысхан қай жылы моңғол мемлекетін құрды?
• Шыңғысхан империясының әскери құрылымдық жүйесі қалай аталды?
• Зерттеушілер Шыңғысханның саяси тұлға ретінде қандай сипаттама береді?
2-тапсырма
Т. Дерекпен жұмыс
1-топ. «Моңғол империясының құрылуын» зерттеу (Қосымша 1)
Деректі талдауға нұсқаулық:
• Шыңғысхан империясының құрылу себептері қандай?
• Шыңғыс ханның билікке келу жолдарын сипаттаңыздар;
• Шыңғыс хан бытыраңқы көшпелі тайпаларды біріктірудегі мақсатын анықтаңыздар
• Мемлекеттің алғашқы аумақтық территориясын көрсетіңіздер
• Мемлекеттің құрылуындағы негізгі даталардан хронология құрастырыңыздар
Дескриптор:
 Шыңғысхан империясының құрылу себептерін анықтайды;
 Шыңғыс ханның билікке келу жолдарын сипаттайды;
 Шыңғыс хан бытыраңқы көшпелі тайпаларды біріктірудегі мақсатын түсіндіреді;
 Мемлекеттің алғашқы аумақтық территориясын картадан көрсетеді;
 Мемлекеттің құрылуындағы негізгі даталардан time line құрастырады;
2-топ. «Жасақ заңдарын» талдау. (Қосымша 2)
Деректі талдауға нұсқаулық:
• Мемлекеттің басқару жүйесі оның әлеуметтік құрылымына қаншалықты септігін тигізгендігін дәлелдеп, кем дегенде 2-3 дәлел келтіріңіздер;
• Мемлекеттік дәрежеге жетудегі «Яса» заңдар жинағының маңызын ашып, көрсетіңіздер;
• Заңдар жинағының ережелерін маңыздылық дәрежесі бойынша орналастырыңыздар
Дескриптор:
 Мемлекеттің басқару жүйесі оның әлеуметтік құрылымына қаншалықты септігін тигізгендігін дәлелдеуде 2-3 дәлел келтіріңіздер;
 Мемлекеттік дәрежеге жетудегі «Яса» заңдар жинағының маңызын талдайды;
 Заңдар жинағының ережелерін маңыздылық дәрежесі бойынша орналастырады;
3-топ.
3-дерек. «Әскери құрылым ерекшелігі» (Қосымша 3)
Деректі талдауға нұсқаулықтар:
• Мемлекеттегі әскери тәртіптерді көрсетіңіздер;
• Аз уақыттың ішінде монғол әскерінің көптеген жерге баса–көктеп енуіне ықпал еткен жағдайды дәлелдеңіздер;
• Шыңғыс ханның жорықтар ұйымдастыруының кем дегенде 3-5 дәлел келтіріңіздер;
• Шыңғыс хан әскерлерінің жорықтарының нәтижесін 5 сөйлем арқылы қорытындылаңыздар....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 121



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!