Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;
Сабақ барысы:
Сабақтың мақсатын хабарлау
Бағалау критерийлерімен таныстыру
1-тапсырма «Қақпа» әдісі
Орындалу барысы:
-тақтада қақпаның суреті тұрады;
-сынып топқа бөлінеді;
-мұғалім шығармадан үзінді оқиды;
1 оқушы үзіндідегі көркемдегіш құралды табады;
Топ сол сөзді кестеге жазады;
1оқушы сөздікпен жұмыс істейді;
1оқушы гол салады.
Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отыруға болады.
Шығармадан үзінді көркемдегіш құрал
2-тапсырма «Фишбоун» әдісі
Орындалу барысы:
Басы – шығарманың тақырыбын, үстіңгі сүйектеріне мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдардың түрлерін, астыңғы сүйектеріне үзінділер арқылы дәлелін,
Құйрығына- шығарманың тілі жайлы оқушының ойы жазылады.
Көркемдегіш құралдарды анықтап, талдай отырып, автор стилін анықтайды.
3-тапсырма
«Пирамидалық талқылау» арқылы тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма үзіндісіндегі көркемдеуіш құралдарды тауып жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.

...Естемес аз уақыт үн шығармай іштей ыңылдап, толқып келе жатты. Кенет атының шылбырын Оразымбетке тастай беріп, қолын кейін созып, қызыл қоржындағы домбырасын суырып алды.
Естемес домбыраның құлағын бұрап күйге келтіріп алып, машықты әуенмен қағып-қағып жіберді. Епті ұзын саусақтар пернені жоғарыдан төмен бірнеше қайтара жүгіріп өтті. Бірақ мұның бәрі жаттанды сарын еді. Аздан кейін күйші қолы күрмеліп қалғандай бір пернені басып, жалғыз ішекті шерте берді. Белгісіз тың әуен дүниесінің табал¬дырығынан аттап өте алмай, қиналған түрі бар. Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап қалған; жаңа бір күй сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық бар өңінде. Ат жалына еңкейіңкіреп барып Естемес ырғалып, кеудесін көтере беріп, тың күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен шүберектей күзгі қуқыл даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып домбыраның кеудесінен екі-үш ырғалып, әрең суырылып көтерілді де, ар жағы мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бишараны жұмсақ алақанымен маңдайдан сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес береді. Күй шым-шымдап ішке кіріп, көңілді босатып, қабақ астында қатып қалған жасты жібітіп, енді бір кез майда рахат самалымен желпіп сергіткендей болады.
Оразымбет тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісіден дәл осындай жүрек қылын шертетін нәзік күй шығады деп ойламап еді. Ол ұстазының бетіне қарап, оны жаңа көргендей болды. Терең әжімді, ашаң жүзіне жастық балғын нұр жүгіріп, кішілеу өткір көзі дымқыл тартып, Естемес балқып тұр екен. Салалы ұзын саусағы буынсыз болып кеткендей, жібектей майысып, жыпылдап барады. Жаңағы бір сезімтал майда әуенді қайталап келіп, енді көтеріле бергенде, өрге шыға алмағандай тайғанақтап, күй сазы қайта шегінді. Тағы да бір-екі рет талпынып барып, булығып қалды. Естемес ыза болғандай домбыраны қатты бір қақты да, бұрылып артындағы қоржынға салып қойды.
4-тапсырма «Дәйексөз » әдіс-тәсілі
А. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Оқиға қалай өрбіп жатыр?
B. Интерпретация:Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз.
C.Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Эпизод, деталь, суреттеу, диалог.
1. Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
2. Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.
3. Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 434



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі