Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» толғауы 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» толғауы 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» толғауы 1-сабақ
Оқу мақсаты: 8.А/И2.Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Сезім мүшелері» әдісі
Оқушылар алдымен «Сезім мүшелері» әдісі бойынша шеңберге тұрады. Барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады. Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді. Барлығы бүгінгі сабақ барысында бір сөзбен әрқайсысына сәттілік тілеп орындарына отырады. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Автор бейнесін анықтау арқылы тілдік қолданысын талдайды.
• Автор бейнесін анықтайды;
• Автордың тілдік қолданысын талдайды.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма «Теннистік сұрақ» әдісі
Сынып оқушылары алдымен Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиет» аудиожазылымын тыңдайды. Аудиожазылымды тыңдап болғаннан кейін алдын ала таратылған өлең нұсқасынан бір қысқа және бір көлемді үзіндіні таңдап алады. Екі қатарға қарама-қарсы қарап отырады. Бірінші «Өлеңдегі басты тұлға кім?, Автор ойын бірінші жақтан жеткізудің ерекшелігі неде?, Автор өзінің идеясын нақты жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданған?, Автор нені толғана жырлады?», сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды. Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы автордың өлең идеясын жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданғанын анықтап, зерттейді. Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек. Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір зерттеу жұмысын жазып шығарады. Жұмысты мұғалімге тапсырады.
Мұғалім деңгейі жоғары оқушыға жұмысқа сараптама жасап, қорытындысын шығаруды ұсынады. Деңгейі орта оқушыға автор көзқарасын өз сөзімен үшінші жақтан сипаттап жеткізеді.
3. Мағынаны тану
Көзқарас-Атау-Тақырып
• К – Көзқарас
Автордың көзқарасын анықтау маңызды. Ақындар бір тақырыпқа байланысты қарама-қарсы көзқараста шығарма жазуы мүмкін. Сөздердің мағынасына назар аудар, яғни, толғауда қолданылған сөздерден автордың көзқарасын анықта.
• А-Атау
Толғауға талдау жасап болғаннан кейін, атауына қайта назар аудар. Толғаудың аты туралы не ойлайсыз?
• Т-Тақырып
Толғаудың тақырыбы? Көтерілген мәселе туралы автордың ойы? Автордың көзқарасы қандай? Неліктен? Шығарманы оқырманның түсінуіне көркемдегіш құралдар қалай әсер етеді?
3-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Оқушылар топпен «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы шығармадан дәлелді үзінді келтіре отырып, сөйлемдерді жалғастырып, тұжырымды ойларын айтады.
Ақын өзегін өртеген ....
Ақын арманы ...
4. Бекіту
4-тапсырма «Теңдеу» әдісі
Бұл тапсырманы орындау кезінде «Теңдеу» әдісі қолданылады. Сынып оқушыларының барлығына толғау үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар толғау үзінділерінен жыраудың көңіл- күй сезімін ерекше ашатын жолдарды тауып айтады. Ойларын «Мысалы...» деген сөзбен байланыстырып отырады. Бірінші жұп толғау үзіндісінің 1шумағын оқиды да, «мысалы автор...» деген сөзбен аяқтайды, ары қарай екінші оқушы оның сөзін өз сөзімен толықтырады. Екінші жұп осы ретпен тапсырманы ары қарай орындауды жалғастырады. Барлығы өз көқарастарын білдіріп, талдап болғаннан кейін ең соңғы оқушы «Сонымен автор көңіл күйі арқылы ... жеткізеді» деген сөзбен ойды аяқтайды. Тапсырма соңында оқушылар автор атынан кейіпкерге жеке эмпатиялық хат жазады.
5.Салыстыру
5- тапсырма
«Бірге ойлаймыз» әдіс-тәсілі
Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әрқайсысы шығармадан тарихпен байланысты үзінді таңдап алып оны жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи жағдайлармен салыстырады. Шығарма үзіндісін дәлелді қолданып, өз көзқарастарын сенімді жеткізіп айтады.
6.Бағалау
Оқушылар автор бейнесі мен автордың тілдік қолданысын талдап,өзіне айрықша әсер еткен тұстары бойынша шығармаға баға береді.
Маған қатты әсер етті себебі ..............................................................................................................................................
Мені таңғалдырды себебі ..............................................................................................................................................
Топ мүшелері кестені екінші топтың спикеріне тапсырады. Әр топтың спикерлері жеке үстелдерге отырып, сабақ барысындағы тапсырмаларға бағалау критерийі бойынша сараптама жасап, нәтижесін шығарады.
Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 300



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі