Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі (6 сынып, IV тоқсан )

 Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі  (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп , жатқа оқиды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады, талдайды.
Сабақ барысы:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Сәлемдесу»
Сабақ барысында оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне қол беріп, сәлемдеседі («Ассалаумағалейкүм!», «Сәлем!», «Сәлеметсің бе?!», «Қалайсың?!», «Есен-амансың ба?!» т.б.), хал-жағдай сұрасады. Сәлемдесуді әр тәсілдерде (орысша, ағылшынша, немісше, француз, үнді т.б.) жүргізуге болады.
Топқа бөлу
Өлең шумақтары арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза Әли
Анам тілі
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.
Бесікте белім буып бітіскемін,
Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін.
«Апа», - деп, «Ә», - деп жылап, аузымды ашып,
Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін.
Оқушыларды оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
І.Қызығушылықты ояту
https://www.youtube.com/watch?v=bRs4rWDWLtE
Оқушыларға «Ана тілі» тақырыбында бейнежазбаны көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжату
ТЖ.
1-тапсырма
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
Ана тілі
Адам деген не көрмейді түсінде
Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Асау өзен арқырайды жарды ұрып
Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де
Мен жатырмын қара жерге табына
Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта
кетті ғой деп қыршын ғана жасында
Жыламайды ешким молам басында
Жарым қайда досым қайда кешегі
Анам қалай жатқанымды білмеді
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Мен жатырмын қара жерде көз жұмып
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Али деген бір кісінің сұмдығын
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымак
Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ
Мен жаныммен сүйем осы тілімді
Кедей деп ақ айта берсін білімді
Ассамблеяда естілмесін үні де
Ана тілі ұлы менің өзіме.
Махмұт жырын оқу үшін жастауын
Күтем әлде аударуын басқаның
Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде
Өлеңдерін жаза алар тілінде
Мен сүйемін планетаның барлығын
Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын
Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де
Әлім шолы айттым алар тілінде
Қымбат маған елімнің бар даласы
Балтық пенен Сахалиннің арасы
Қайда болсын қия маған жанымды
Туған жерден қазсын бірақ қабірді
Алаша бір жазып қойған құлпы тас
Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас
Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп
Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!
Расул Ғамзатов
Дескриптор Білім алушы
• логикалық екпінді дұрыс қояды;
• дауыс ырғағын, әуенін сақтайды;.
• сөйлеу мәнеріне сай кідіріс жасайды;
• оку қарқынын (бірде жылдам, бірде баяу) сақтайды.
• сөйлеу нақышына қарай дауысын құбылтып қолданады.
Бағалау «Бас бармақ»
2-тапсырма
«Түртіп алу стратегиясы»
Өзіңізге таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп,
мағынасын түсіндіріңіз
Ассамблея –
Аварша –
Дескриптор Білім алушы
• мәтіндегі таныс емес сөздердің астын сызады;
• мағынасын түсіндіреді.
Бағалау «Бағдаршам»
3-тапсырма
Өлеңнен орта көлемді шағын үзіндіні таңдап алып, жаттаңыз. Жаттаған үзіндіні жұбыңызға мәнерлеп жатқа айтып беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
• өлеңнен орта көлемді үзіндіні таңдайды;
• үзіндіні жаттайды;
• жұбына мәнерлеп жатқа айтады.
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек».....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 549



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?