Денсаулық және экология (7 сынып, I тоқсан )

 Денсаулық және экология (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: «Денсаулық – зор байлық»
Сабақ тақырыбы: Денсаулық және экология
Сабақтың түрі: Тақырып бойынша оқушылардың қабілетін қалыптастыру сабағы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу.
Сабақ мақсаттары: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақ барысы:
Психологиялық ахуал. «Жемістер» ойыны.
Адам денсаулығына пайдалы жемістер және дәрумендер туралы тақтадағы флипчартқа түрлі маркермен жазып шығады. Қай жемістің қандай дәруменге бай екендігін айтады.
Бейнежазба көрсету. «Қазақстанның экологиялық проблемалары»
Бүгінгі сабағымызбен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?
«Үш қадамды сұхбат» тәсілін қолдану.
Сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Мағынаны тану
Тапсырма.
Денсаулық тақырыбында оқылым мәтіні ұсынылады. (тыңдалым мәтінін де ұсынуға болады).
Тапсырма:
1. Мәтінді оқушылар жеке оқып шығады.
2. Оқыған мәтіннің тірек сөздерін анықтайды. Оны алдымен жеке жазады, сосын жұпта, кейін топта салыстырады. Соңғы нәтижесін сынып алдына алып шығады. Осылай негізгі тірек сөздерді анықтап алады.
3. Іріктелген тірек сөздерді екінші бір баламаларымен (синонимдерімен) жазып шығады.
4. Баламалары табылған тірек сөздерді қатыстыра отырып, тарау тақырыбы негізінде шағын, жинақы мәтін жазу тапсырылады.
(мәтінді өзгертуге болады)
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние
Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.
«Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары, мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика, макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема.
Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету - біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттсрінің бірі. Бұл туралы біздің ата заңымызда (конституциямызда) кең көлемде жазылған. Басқадай қаулы-қаралар жеткілікті. Сонымен 2002 жылы «Денсаулық жылы» деп атаудың өзі нені аңғартады? Біздің мемлекетімізде денсаулық сақтау ісімен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологаялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасында емдеупрактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен емханаларынан тегін алады. 3 жасқа дейінгі балалар консультация орындарының бақылауында болады.
Бағалау критерийі Дескриптор
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жаза алады. Тірек сөздерді анықтай алады
Тірек сөздердің синонимін таба алады
Синонимге айналған тірек сөздер арқылы жинақы мәтін құрастыра алады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 390



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?