Қазақтың ұлттық ойындары (6 сынып, III тоқсан )

 Қазақтың ұлттық ойындары (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1.- мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.
6.4.5.1.- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаттары:
Қазақ халқының ұлттық ойындары тақырыбы бойынша түсінік ала отырып, тыңдалым материалдары арқылы негізгі ойды анықтай отырып, орфографиялық норманы сақтап, жазба жұмыстарында сөзддердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлемдер құрастырып жазады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
Суреттен не көріп тұрсыздар?
Оларды ойнап көрдіңіз бе?
Тақырып анықталып, сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
Мағынаны тану
Оқылымалды кезеңі.
 Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы не білесіз?
 Қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты ма?
 Ұлттық ойындардың мақсаты қандай?
 Ұлттық ойындардың қай түрін көрдіңіздер немесе ойнадыңыздар?
Оқылым кезеңі.
Мәтінді мұқият оқы.
- Самат, сен тоғызқұмалақ ойнай аласың ба?
- Былтыр жазда санаторийде демалғанмын, сол кезде үйренуге тура келді, өйткені қасымдағылардың барлығы күнде кешке жиналып тоғызқұмалақ ойнап жүрді.
- Жақсы ойнайсың ба?
- Жоқ, онша жақсы емес. Қазір көп ойнамаймын. Оны неге сұрадың?
- Мен қазір сол ойынға әуестеніп жүрмін. Өте қызық әрі ой-өрісіңді дамытуға көмектеседі екен.
- Иә, ата-бабамыздан қалған мұралардың бірі ғой. Мен сол санаторийде ойнап үйреніп жүрдім, кейін үнемі ойнауға уақыт болмай кетті. Мен кейбір ережелерін ұмытып қалыппын. Сен әуестеніп жүрсең, екеуміз ойнап тұрайық. Бұл ойын маған да ұнайды.
- Жақсы болды ғой, мен қазір шебер ойнай алмаймын, дегенмен бірнеше жарыстарға қатысып үлгердім.
- Ой, Бағдат, жарайсың. Тоғызқұмалақ – зияткерлік ойын. Қазір ол туралы бүкіл дүниежүзі біледі.
- Иә, ол 2006 жылдан бастап әлемге кең таныла бастады. Әлемдік зияткерлік ойындар бағдарламасына енгізілді. Лондонда өткен зияткерлік ойындар олимпиадасында 36 спорттық ойындар ішінен шетелдіктер тоғызқұмалаққа ерекше қызығушылық танытыпты. Қазір әлемде тоғызқұмалақпен шұғылданатындардың саны жүз мыңнан асып кетіпті.
- Олай болса, екеуміз де солардың қатарына қосылайық.
- Жарайды, уақыт болса хабарлас, тоғызқұмалақ ойнаймыз.
Мәтінде кездесетін сөздердің мағынасын анықтап алу.
Тоғызқұмалақ А) ойынның аты Б) заттың аты В) матаның аты
Ой-өріс А) адамның ішкі мүшесі Б) адамның сыртқы мүшесі
В) адамның миының қасиеті
Әуестену А) бір нәрсемен қызығып айналысу Б) бір нәрсемен жек көрсе де, айналысу В) адамдармен қарым-қатынас орнату
Ереже А) күнделікте бір уақытта жасалатын жұмыс
Б) бұзуға болмайтын шарт В) сапалы нәрсе
Шебер ойнай алу А) жақсы ойнай алу Б) ойнай алмау В) ойыннан шығып қалу
Қатарға қосылу А) белгілі бір адамдармен бірдей болу Б) көңілің көтерілу В) күдіктену
Ойнап тұру А) өте сирек ойнау Б) мүлдем ойнамау В) анда-санда немесе жиі ойнау
Жеке жұмыс. Диалог бойынша 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларына жауап береді. (жұмыстарын сағат тілі бойынша алмастыру арқылы өзара тексереді.)
1. Диалогта неше адам сөйлесті?
А) 4 Б) 2 В) 3
2. Бала тоғызқұмалақты қайда барып үйренді?
А) санаторий Б) жарыс В) клуб
3. Неге үйренді?
А) өйткені оны балалар жек көрді Б) ол спортты жақсы көреді
В) өйткені балалар санаторийде кешке ойнады
4. Екінші бала тоғызқұмалақ ойынымен әуестеніп жүр ме?
А)иә Б) жоқ В) ол туралы айтпайды
5. Бірінші бала тоғызқұмалақ ойынын неге қойып кетті?
А) уақыт жоқ Б) қаржы жоқ В) ынта жоқ
6 . Тоғызқұмалақ балалар не деп атайды?
А) ата-бабамыздан қалған байлық Б) ата-бабамыздан қалған мұра В) ата-бабамыздан қалған атақ
7. Тоғызқұмалақ қандай ойын?
А) зияткерлік Б) спорттық В) күш жұмсалатын
8. Тоғызқұмалақ қайда өткен зияткерлік 36 олимпиада ойындарының құрамына кірді ?
А) Лондон Б) Пекин В) Париж
9. Нешінші жылдан бастап әлемге таныла бастады?
А) 2007 Б)2006 В)2008
10. Қазіргі уақытта тоғызқұмалақпен шұғылданатын адамдар саны қанша?
А) 100 000 аса Б) 10 000 аса В) 110 000 аса
Оқылым материалын бағалау бойынша 8 сұраққа дұрыс жауап берген оқушы оқу мақсатына жетеді.
Сергіту сәті. el.kz/ сайтынан аударыспақ және жамбы ату ойындарын ойнату.
http://el.kz/games/23417
Берілген сөздерді пайдалана отырып, жай сөйлемдер құрап жазады.
(Мұғалім оқушыларға сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жайлы ақпарат беруі керек.)
Оқушыларға ұлттық ойындар тақырыбында мәтін ұсынылады. Сөйлемдердегі кейбір сөздердің орны бос қалады, төменде берілген сөздер тізбегінен тиістісін қойып, сол сөздерге жай сөйлем құрату.
Ақсүйек - ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар араласып ойнай береді. Кешке мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ерте кезде ірі қараның қу жілігі пайдаланылған. Күн көзінде ұзақ жатқан жіліктің құрап, ақсөнке болып қалатыны белгілі. Ол кезкелген жерден ұшырайды. Соған орай ойын да «Ақсүйек» атанған. Ойынға келгендер екі топқа бөлінеді. Бастаушы ақсүйекті әуелетіп, алысқа лақтырады. Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақ сүйектен көз айырмай қарап, қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер» деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.
Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топырақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты білулері керек.
Бағалау критерийлері
- сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін біледі;
- жай сөйлем құрап жазады;...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 133



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?