Қазақстандағы көрікті жерлер (Хан Тәңірі Бурабай Байқоңыр Астана Алматы Балқаш көлі Түркістау Шымбұлақ) (6 сынып, I тоқсан )

 Қазақстандағы көрікті жерлер (Хан Тәңірі Бурабай Байқоңыр Астана Алматы Балқаш көлі Түркістау Шымбұлақ) (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер (Хан Тәңірі, Бурабай, Байқоңыр, Астана, Алматы, Балқаш көлі, Түркістан, Шымбұлақ)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.1.1. Орфографиялық норма
Сабақтың мақсаттары:
Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақ барысы: «Қазақстанның көрікті жерлері» слайды көрсетіледі. (алғашқы 02:20)
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты, күтілетін нәтижелер таныстырылып кетеді.
Сабақтағы жұмыс түрлері жеке және жұппен жасалатыны айтылады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.
Дефис арқылы жазылатын сөздер, бірге жазылатын сөздер, бөлек жазылатын сөздер туралы түсіндіріп өтеді.
Кіріспе тапсырма: Жұппен жұмыс
Төмендегі сөздерді орфографиялық норма бойынша жазыңдар.
үлгі: енгізу, бұрынғы, ....
түңге ғарай, күңге қыздырынып, көг лақ, жоғ іздеу, жатағ үй, қақпаң ғұру, бащы, көг өгүз.
Негізгі тапсырма: Жеке жұмыс
Сөздік диктанты
Ақорда, Атамекен, Бәйтерек, этно-мемориалдық, көрме, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар, мұз айдыны, десек те, саябағы, Іле Алатауы, тау шаңғы курорты, Шымбұлақ, қалың қар, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, бір-бірімен, қос қос қабатты, қонақжайлылығы, оңтүстік-шығысында, 3-орында, әртүрлі болуы, балықтың 20-ға жуық, құстың 120-ға жуық түрі, Қызыл кітабына, Жұмбақтас, египеттік сфинксті, өзі аттас, мұражай, Гагариндік ұшу алаңы, «Космонавт» қонақүйі, Хан тәңірі шыңы, жеті мың метрдей, мәрмәрлі қабырға.
Өзін-өзі тексеру: Оқушыларға 8 түрлі Қазақстанның көрікті жерлері туралы жазылған парақшалар беріледі. Олар осы сөздерді тауып, дұрыс немесе бұрыс жазғанын тескереді, мәтіндермен танысады.
Қорытынды тапсырма: Жұппен жұмыс.
Берілген мәтіндерден үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жазыңыздар.
Тақтадан дұрыс жауап көрсетіледі:
Символы, саяси, экономикалық, резиденциясы, монументі, Атамекен, архитектуралық, табиғатымен, тарихи, спортпен, желтоқсаннан, қамтиды, кітабына, Гагариндік, ғарышкерлер, қонақүйі, Қытаймен, шекарасындағы.
Кері байланыс «Екі жақты күнделік»
Аталған сегіз орынның ішінде ... барар едім ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 756



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!