№14-сабақ Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын (3 сынып, II тоқсан )

 №14-сабақ  Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Тақырыбы: №14-сабақ Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу)
3.3.7.2 мұғалімнің қолдауымен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдетеді
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• тірек сызбаларды басшылыққа алып, стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
• үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады;
• сөйлемнен бастауыш пен бандауышты ажыратады
• үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады
Оқушылардың көбі жасай алады:
• тірек сызбаларды басшылыққа алып, стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
• сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекетін баяндалған өмірбаянын жаза алады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• мәтіндердің стилі бойынша ұқсастығы мен
ерекшеліктерін сипаттайды;
• бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі,
• сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• болған оқиғаны сипаттап жаза алады
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: Миға шабуыл (Ұ.Ж)
«Телебағдарлама жүргізушісі» әдісі
Оқушыларға бүгін ерекше телестудияға баратындарын хабарлайды. Жүргізуші ретінде мұғалім өзі болатынын айтады. «Айтуға оңай» бағдарламасында «Хронологиялық кесте мен Өмірбаян» бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу. Проблеманы шешуге түрткі болатын сұрақтар:
-Хронологиялық кесте дегеніміз не?
-Өмірбаян не үшін қажет?
-Хронологиялық кестесіз өмірбаян жазуға болатын шығар?
-Өз өмірбаянын жаза білу немесе ауызша жеткізе білу керек дегенге келісесіз бе?
-Екі ұғымның түсініктемесін немесе ережесін айтып берсеңіздер
Хронологиялық кесте- өмірбаянның жылдар арқылы ретімен жазылу немесе айтылуы.
Өмірбаян- жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
3.2.6.1 , 3.3.2.1 1-тапсырма ( МК.Т)
Оқушыларды қызыл, жасыл, сары түстерге топқа біріктіру.
«Сөздерден әңгіме құрастыру» әдісі
Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек.
Тапсырма: Өмірбаян құрылымын талдау. Және өмірбаян жазғанда хронологиялық тәртіпті қолдану
Дескриптор:
-өмірбаян құрылымын талдайды
-хронологиялық тәртіпті қолданады
Қ.Б:топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау
Саралау: «Дереккөздер» тәсілі: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алуын саралау.
3.3.7.2 (М.К. Ұ ) 2-тапсырма
«Сөзден-сөйлем, сөйлемнен-мәтін» әдісі
Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық жағынан қабыспайтын үш сөз суырылады.Осы үш сөзден кіріктіре отырып, сөлемдер құрастыру.Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдау.Тақтаға жазылады. Таңдалған сөздерден сөйлемдер құрау. Сөйлемдерді көркем жазу, сөйлем мүшелерінің астын сызу.
Мысалы: Гүл, машина, күшік
Дескриптор:
-сөздерді таңдайды
-сөздерден сөйлем құрастырады
-сөйлем мүшелерінің астын сызады.
Қ.Б:мадақтау арқылы
Саралау: «Қарқын» тәсілі:Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардан сөзден сөйлем құрастырып беруін және сөйлем мүшелерін тапқанын саралау.
3.3.7.2 3-тапсырма ( Ж.Ж) Көшіру диктанты......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 484



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?