Адамдар мен өзен (ертегі) (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

 Адамдар мен өзен (ертегі) (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Адамдар мен өзен (ертегі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.2. Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1. баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.
4.2. Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын түсіну
3.4. 2.1. оқыған/аудио/ бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.
5.1. Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.2. өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/ септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған мәтін мазмұнын түсінеді, тірек сөздерді қолданып мазмұнын жазады.
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған шағын мәтін мазмұнын түсінеді, өз бетінше жалғаулы сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жаза алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек.
Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші».
Оқушылар арасында бір-біріне деген ізеттілік қарым-қатынасын орнатуға болады.
Ой шақыру
Оқушылар сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтайды.
- Балалар, бұл суреттен нені байқадыңыздар?
-Дұрыс айтасыздар, бүгін сабақта ертегі бойынша жұмыс жасаймыз. «Адамдар мен өзен» деген ертегімен танысамыз.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• Сөздердің лексикалық мағынасын түсінемін;
• Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын түсінемін;
• Грамматикалық нормаларды сақтаймын.
Мағынаны тану
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
1-тапсырма: Берілген сөздерді қажетті суреттің астына орналастыр. Өзен, асты
Тыңдалым алды тапсырма:
2-тапсырма: Үлгі бойынша сөйлем құрастыр.
Мысалы: Біздің ауылда шағын өзен бар.
Өзеннің асты тап-таза.
Тыңдалым тапсырмасы:
Мәтінді мұқият тыңдап, жаңа сөздерді белгіле. Мәтінде жаңа сөздер қанша рет кездесетінін санап айт.
Ертеде ауыл жанында өзен болды. Ауыл адамдарына ұзақ уақыт бойы қызмет етті. Өзен аса терең болған жоқ. Балалар суға жиі шомылатын. Бір күні өзен астынан көп қоқыс табылды. Сөйтіп, өзеннің асты ластанды. Адамдар өзенді қоқысқа толтырды. Күндердің күнінде өзен шалшық суға айналып, ғайып болды.
(Ұ)Ой шақыру
Сұрақтар:
• Ертегі не туралы?
• Өзен қандай болды?
• Өзен неге ластанды?
• Өзен неліктен ғайып болды?
Дескриптор
- мәтінді түсінеді;
- жаңа сөздерді анықтай алады;
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Грамматикалық қоржын
(Ұ, МК) Көптік жалғауы
- лар, -лер, дар-дер, тар-тер
Кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Гүлдер – нелер?
Гүл – түбір сөз
дер – көптік жалғау
(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
1-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдап, көптік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Ертеде ауыл жанында өзен болды. Ауыл адамдарына ұзақ уақыт бойы қызмет етті. Өзен аса терең болған жоқ. Балалар суға жиі шомылатын. Бір күні өзен астынан көп қоқыс табылды. Сөйтіп, өзеннің асты ластанды. Адамдар өзенді қоқысқа толтырды. Күндердің күнінде өзен шалшық суға айналып, ғайып болды.
Үлгі:
Өзен - түбір сөз
-дер көптік жалғау
2-тапсырма: Сөйлемді толықтыр.
1. Бір күні ______ ________ көп қоқыс табылды.
2. Адамдар __________ қоқысқа толтырды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 286



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады