Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

 Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы
Оқу мақсаттары: 7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.
7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
Сабақтың мақсаттары: Қарапайым, қысқа мәтіндерді түсінеді және тыңдай отырып, күнделікті өмірге қажетті ақпараттарды анықтайды. Оқушының жеке сөздік қоры жаңа ұғымдармен толығады. Сөйлеу дағдыларының дамуына мүмкіндіктер беріледі, өз түсінігін жеткізе біледі.
Сабақ барысы: Сәлемдесу. Түгендеу.
Қызығушылықты ояту/Топқа бөлу
Тақтаға екі қалташа ілінеді. «Технология» және «Ғылым». Оқушылар жеке-жеке сөздерді суырады. Онда ғылым мен техникаға қатысты сөздер жазылған. Сол сөздерді мағынасына қарай қалташаларға орналастыру керек. Нәтижесінде екі топ шығарылады.
Сөздер: ақпараттық, нанотехнология, педагогикалық, компьютерлік, инновациялық, өндірістік, жаратылыстану, гуманитарлық, математика, техникалық, философия, астрономия.
2 топ өздеріндегі сөздерді талқылайды, білгендерін ортаға салады. Мыс: ақпараттық технология, гуманитарлық ғылым, т.б.
Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, дескрипторлармен таныстыру.
1-тапсырма.
Топтарға мәтін беріледі. Мәтін бірнеше бөлікке бөлінген. Оқушылар мәтіндегі абзацтарды рет-ретімен мағынасына қарай орналастырып, қағазға желімдейді. Бірігіп оқиды, топта талқылайды. Мәтінді келесі топқа беріп, жұмыстарымен алмасады. Жаңа мәтінмен танысады, пікірлеседі, түсінбеген тұстарын бір-бірінен сұрайды.
1-топқа:
Өскеменде жапондық роботтар көрмесі өтті. Жұрттың назарына адамға қолғабыс бола алатын роботтар мен Гиннес рекордтар кітабына енгізілген гуманоидтар ұсынылды.
"Вилли" роботы үйді күзетуге қауқарлы. Тіпті бала да баға алады. Тіпті бұл роботтар да шаршайды екен. Өте ашулы роборапторға саусақ шошайтуға болмайды, тістеп алады.
Билеуден алдына жан салмайтын робобилдер, ақылды, әрі, елгезек робоанниматроник-шимпанзе және тағы басқа гуманоидтер жиналғандарды әсте таң қалдырды. Мысалы, Гиннес кітабына енгізілген әлемдегі ең кішкентай адам теңдес робот бар. Оның бойы 16 см. Түймедей құрылғы 200-га тарта бағдарламаны орындай алады.
Көрмеде тұрған робот-андроидттар елімізде сатылмайды. Алайда Жапония, АҚШ сияқты елдерде мұндай роботтардың құны бір мың доллардан асатын көрінеді.
2-топқа:
Құлпынайды тездетіп жинау әдісін жапондықтар ойлап тапты. Shibuya Seiki компаниясының инженерлері піскен құлпынайды өзі тауып, үзе қоятын роботты шығарды. Биіктігі 2 метрге жететін робот егістік қатарын аралап, піскен құлпынайды өзі ажыратады. Ажыратып қоймай, арнайы себетке тездетіп теріп, уақытты үнемдейді. Бір құлпынайды үзуге небәрі 8 секунд уақыт кетеді.
Үш бейнекамерасы жұмыс жасайтын, бұл құрылғының механикалық қолдары да бар. Олар жемісті үзуге арналған.
Аталмыш туындыны жасауға Жапонияда жиналатын құлпынай процессі әсер еткен. Өйткені, бұл елде оған ұзақ уақыт жұмсалған алғашқыда. Ал, роботты жасаушылар енді мұны жеңіл жұмысқа айналдыруға әбден болады деп отыр.
Дескрипторлар:
1. Мәтін бөліктерінің мағынасын түсінеді;
2. Мағынасына сай тұтас мәтін құрастыра алады.
2-тапсырма. Жазылым алды тапсырма. Оқушылар «Жаңа технологиялар» тақырыбындағы тыңдалымнан соң заманауи технологияның тиімділігі мен зиянды әсері туралы пікір алмасады.
Жазылым тапсырмасы.
«Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы» деген тақырыпта эссе жазу (120-150 сөз).
Дескрипторлар:
- Тыңдалым мәтінінің ерекшелігін салыстырады
және өзіндік қорытынды жасай алады.
- Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жазады;
- Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу
себептерін айқын көрсетіп жаза алады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 526



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!