Төрт мезгіл туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

 Төрт мезгіл туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат және қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.6.1 Автордың мәтінде арнайы қолданған сөздерді таңдау себебін анықтайды
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді
Көбі: оқыған өлеңдегі сөздердің қолданылу ерекшелігін түсінеді және түсіндіреді
Кейбірі: өлеңге қатысты пікірін айтады, өзі білетін өлеңді айтып береді.
Сабақ барысы: Апта күндерін қайталау.
Үлгі: Дүйсенбіде мектепке бардым. Сейсенбіде қонаққа бардым.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Өлеңдегі сөздердің мағынасын түсінемін.
Автордың қолданған сөзінің себебін түсінемін
(МК) Суреттерді көрсете отырып, төрт мезгілге топтаудың үлгісін үлгісін көрсету.
(Т) Оқушылар топ ішінде төрт мезгілдің суреттерін атап, неліктен таңдағандары туралы айта отырып, суреттерді топтайды.
(МК, Ұ) Көктем мезгіліне қатысты сөздер және сөз тіркестерімен таныстыру. Сөйлемде қолданылуын көрсету. Сұрақ қою арқылы заттың атауын және қимылын білдіретін сөздерді анықтау.
Көктемде қар ериді. Жазғытұры тамшы керемет әдемі! Ағаштар гүлдейді. Жылғалардан су ағады. Күн сәулесі шуағын төгеді. Бәйшешектер шығады (гүлдейді). Ағаштар бүршік жарады. Қызғалдақтар құлпырады. Мал төлдейді.
Сергіту сәті.
(Ө) Берілген суреттерге қарай жыл мезгілін анықтау
(Компьютерде жұмыс жасау)

(Ұ) Бірлесіп оқу. Сөздердің мағынасын мағынасы ұқсас сөздермен меңгерту.
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай көрікті!
• Бұл оқығанымыз не?
• Көктем қандай мезгіл?
• Неліктен көктемде көңілді?
• Өлең ұнады ма? Неліктен?
• «Алақай» сөзі қандай көңіл-күйді білдіреді?
• Автор «қандай» сөзін неліктен қолданған?
(Ө, Қ) Өлеңнен заттың атауын және қимылын білдіретін сөздерді теріп жазу
Үлгі: Көктем келді. Балалар қуанды. Құстар сайрады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 188



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?