Жеміс – жидек және көкөністер – идеяларды есте сақтау (1 сынып, 7 бөлім )

 Жеміс – жидек және көкөністер – идеяларды есте сақтау (1 сынып, 7 бөлім )

ПӘН: Қазақ тілі
Бөлім: Тамақ және сусын.
ТАҚЫРЫБЫ: Жеміс – жидек және көкөністер – идеяларды есте сақтау.
ОҚУ МАҚСАТЫ: Т5 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір,сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
А4 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Барлық оқушылар жасай алады:
• Жеміс- жидек, көкөніс атауларын ажырата алады. Жеміс-жидек пен көкөністерге сипаттама береді және атауларын жазады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Жемістер мен жидек, көкөністердің пайдасы мен зияны туралы ойын айта алады. Ертегінің кейіпкерлерін ажыратады және оларға сипаттама береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Дыбыстық-бейнелік материал бойынша өз ойын анық жеткізе алады. Ертегі кейіпкерлерін рөлге бөліп ойнайды.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер
(Ө) Әр оқушының алдына ноутбук беру. Компьютерден сөздің айтылуын тыңдайды да, әріптерді орындарына қойып, сөздер құрастырады.
(Т) Плакатта пайдалы және зиянды жеміс-жидектердің суреттерін топтастырады және себебін түсіндіреді.
Үлгі: Жеміс-пайдалы тағам. Себебі жемістерде витамин көп. Күш береді.
Сергіту сәті
Қарбыздай дөңгелек боламыз,
(Екі қолын біріктіріп, дөңгелек шар жасайды)
Қиярдай сопақ боламыз,
(Екі қолын алдына қарай біріктіріп созады)
Өріктей кішкентай боламыз,
(Саусақтармымен кішкентайды көрсетеді)
Жүзімдей көп боламыз.
(Балалар бірігіп ортаға отыра қалады)
(Ұ) Оқушыларға «Алма» мультфильмін көрсету. Мұғалім кадрларды тоқтатып, ары қарай не болатынын болжатады. Толығымен көріп болған соң, оқушылар пікірлерін айтады.
• Мультфильмде қандай жеміс бар?
• Қандай кейіпкерлер бар?
• Сендерге қай кейіпкер ұнады? Неге?
• Мультфильм ұнады ма әлде ұнамады ма? Себебін түсіндір.
Дифференциация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ертегіні рөлге бөліп ойнайды.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар ертегідегі кейіпкерлердің бірін таңдап, суретін салады және сипаттама береді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 999



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!