Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік Кебек» поэмасы


Өткен адам болады көзден таса,

Өлді- өшті, оны ешкім ойламаса.

Ол кетсе де, белгісі жоғалмайды,

Керектісін ескеріп, ұмытпаса.

Естіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ,

Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ.

Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек,

Бастан кешкен әр істен белгі қалмақ.

( Зерделейік, ойлайық, айтайық)

І. Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыз?

1. Махаббат

2. Тарих

3. Әлеуметтік өмір шындығы

4.Өз ойым

ІІ. Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?

1. Екі ел арасындағы дау- дамай

2. Әлеуметтік теңсіздік

3. Жер дауы

4.Өз ойым

ІІІ. Екеуінің өліміне кім ( не) кінәлі?

1. Кеңгірбай

2. Заман

3. Салт- дәстүр

4.Өз ойым

Поэзия минуты

Еңлік пен Кебектің кездесуі

Семантикалық карта

Еңлік:

Кебекпен мені азғана араздастыр,

Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.

Мына бала - Тобықты баласы ғой,

Мұны өлтірме,Кеңгірбай биге тапсыр,-

деп , шуылдаған көптің алдында ашу мен ызаға толы тілегін айтады.Сүйген жары мен перзентіне деген махабатын ту етіп көтерген қайсарлықпен көз жұмады.

Сен Кеңгірбай болсаң қандай шешім қабылдар едің?

( үзіндіге байланысты сұрақ)

Академиялық дау-дамай

Тест

1.Поэмаға өзек болған оқиға қай ғасырда өткен?

В) ХҮІғ

С) ХҮІІғ

Д) ХҮІІІғ

2.Матай ненің атауы?

Р) Ру

С) Жер

Т) Тау

3. Поэмадағы Тоқтамыс кімнің жақыны?

А) Кебек

В) Еңлік

С) Қабанбай

4.Еңліктің нағашысын көрсетіңіз.

Л) Бөгенбай

М) Қабанбай

Н) Наурызбай

5. «Сұңқар қалай,

Тауық қалай?» деп жұмбақтаған кім еді?

А) Қабекең

В) Көбей

С) Тоқтамыс

6. «Қыз алды да ,жөн жауап бермеді» деп,

Матайлар не алып кетті?

П) 1 табын сиыр

С) 1 отар қой

Т) 1 қос жылқы

7.Поэма кімнің тікелей тапсыруымен жазылған?

У) Абай

С) Құдайберді

Т) Құнанбай

8.Шәкәрім Шақпақ деген жерде жалғыз үй тұрып, қай жылдары тұрды?

С) 1905-1906ж

Р) 1909-1910ж

Т) 1907-1908 ж

9.Шәкәрім үшін байлықтың үлкені ғылым болып табылатын өлеңі?

К) «Жастарға»

Г) «Үш-ақ түрлі өмір бар»

Ғ) «Адамдық борышың»

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Д Р А М А Т У Р Г

Кілті:

Ұлы Мұхтар Әуезовтың “Еңлік-Кебек” драмасы бойынша Қасқабұлақтық өнерпаздар “Еңлік-Кебек” ескерткішінің басында әзірлеген бес көрініс

Ұлы Мұхтар Әуезовтың “Еңлік-Кебек” драмасы бойынша Қасқабұлақтық өнерпаздар “Еңлік-Кебек” ескерткішінің басында әзірлеген бес көрініс

Ақшоқыға қарай созылған жазықтың көз ұшында қазақтың тұңғыш театрының шымылдығы ашылған тарихи орын « Ойқұдық» тұр. 1917 жылы жапсарлас тігілген екі киіз үйде М.Әуезовтың басшылығымен өзінің туындысы « Еңлік-Кебек» пьесасы қойылған. 

1926 жылы тұңғыш ұлттық театрымыздың шымылдығы да осы шығармамен ашылған.

Сайын дала төсіндегі дөңестегі осынау мрамордан қаланған еңселі ескерткіш – шынайы махаббаттың мазары. Ол қатыгез билер үкімімен өлтірілген Еңлік пен Кебекке қойылған. Серті мен сеніміне, махаббаты мен сезіміне берік қос ғашық осы жерде мәңгілік тыныштық тапқан.

Еңлік- Кебек тағдыры Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» дастаны мен Мұхтардың «Еңлік-Кебек» драмасына арқау болған.

Үлкен өмірге алғаш қадам басқан жас жұбайлар қыр төсіндегі мәңгілік махаббаттың мазарына тағзым етпей өтпейді:

Кебек пенен Еңлік,

Махаббаттағы ұлылық.

Алауы боп сенімнің,

Маздай берер, мәңгілік.

 Ескерткіштен бұрылған мына жолды бойлай, зерделеп көз салсаңыз «Абай» эпопеясында Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп, жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып, тарады – деп ұлы Мұхтар суреттеген Ақшоқыны көресіз. Қазір онда Ақшоқы деп аталатын шағын ауыл бар. Абайдың әкесі, аға сұлтан Құнанбай қажы мен оның ұрпақтары осында жерленген.

Көз салайық, Ақшоқыға тағы да,

Тұнған тарих, әр төбесі, тасы да.

Осы араға тұрақтаған мәңгілік,

Ұрпағымен Құнекеңдей қажы да!

Ел ауызындағы деректерге сүйенсек, Шәкәрім поэмасында:

« Шеткі Ақшоқы басында қалған бала,

Шырқырап күн батқанда жылап жатты»

деп жырланған, Еңлік-Кебектен қалған сол Ермек атты баладан ұрпақтар бар дейді.

Шырылдаған жас нәресте Ермекті,

Нағашы жұрт тауып алды, ер жетті.

Пәк сәбиден өркен жайған ұрпақтар,

Бұл күндерде біразырақ ел бопты.

Қойнауына өткен тарихтың талай сырларын бүгіп жатқан Кіші Орда тауында Еңлік-Кебекке таршылықта пана мен сая болған Үңгіртас бар:

Пана болған ғашықтарға кешегі,

Кіші Орда ізгіліктің мекені.

Шыңғыстауға жолы түскен жолаушы,

Үңгіртасқа соғып, көріп өтеді.

Үйге тапсырма

Поэмадан үзінді жаттау

Кебек пенен Еңлік

Махабаттағы ұлылық

Алауы боп сенімнің

Маздай берер, мәңгілік” тақырыбында

ой – толғау жазу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу