Ауыз қуысының анатомиясы және физиологиясы


Дайындаған: доц. Сағатбаева А.Д.

Ауыз іші ағзалары жүйелі аурулар кезінде жиі жарақаттанады және әртүрлі бөрткендер шығуымен сипатталады. Кейде осы бөрткендерді ауыз іші анатомиялық құрылымынан ажырату дәрігер стоматологқа қиынға түседі. Ауыз ішінің анатомиялық құрылымын ондағы тіндердің гистологиялық құрылыс ерекшеліктерін ауыз сұйығымен микрофлорасының құрамын, физиологиялық және патологиялық рөлін дәрігер стоматолог жете білуі қажет.

Ауыз қуысының анатомиясы

Ауыз қуысы (полость рта- cavitas oris), немесе ауыз (рот-stoma) ас қорыту жолының бастапқы бөлігі, алдынан және бүйірінен ерінмен, ұртпен шектелген, жоғарыдан қатты және жұмсақ таңдаймен, төмен жағынан ауыз табанымен шектелген. Еріндер бір-бірімен жанасқанда ауыз тесігі саңылауға ұқсас, ал ашқан кезде домалақ пішінге ие.

Ауыз қуысы немесе ауыз іші екі бөліктен тұрады

Алдыңғы бөлігі - ауыз кіреберісі (преддверие рта- vestibulum oris) алдынан және бүйірінен ерінмен және ұрттармен шектелген, төбесі және табаны ауыспалы қатпарлармен шектелген, ішкі жағынан тістермен, альвеола өсінділерінің кілегей қабығымен шектелген.

Нағыз ауыз қуысы

Артқы бөлігі - нағыз ауыз қуысы немесе ауыз іші (собственно ротовая полость- cavitas oris propria) көмей арқылы жұтқыншақ қуысымен қосылады.

 

Ауыздың кілегей қабығы

Ауыз ішін кілегей қабық жауып жатады (тістерден басқа аймақтарын ) және үш қабаттан тұрады:

1. көпқабатты жалпақ эпителий,

2. нағыз кілегей қабық немесе нағыз дәнекер тінді қабат,

3. кілегей қабық асты қабаты.

Көпқабатты жалпақ эпителий

мүйізгектенбейтін

мүйізгектенетін

Мүйізгектенетін эпителий

қатты таңдайды, қызылиектерді, еріннің қызыл жиегін, ұрттағы тістердің тістесу деңгейін (тістердің түйісу сызығы), тілдің жіпке ұқсас бүртіктерін жауып тұрады.

Ауыз ішінің басқа аймақтары мүйізгектенбейтін эпителиймен жабылған.

Мүйізгектенетін көпқабатты жалпақ эпителий

1. мүйізді қабат

2. дәнді (түйіршікті) қабат

3. тікенекті қабат

4. базальды қабат

Мүйізді қабат

(роговой)

Ауыз қуысына қарайды, тұленеді. Клеткалары жалпақ, ядросыз.

Дәнді қабат

(зернистый)

Сопақ клеткалардан турады, цтоплазмасында кератогиалин түйіршіктері бар.

Тікенекті қабат

(Шиповидный)

Бірнеше қатар орналасқан полигональды пішінді клеткалардан турады

Базальды қабат

Базальды қабатта ұзын өсінділері бар жұлдыз тәрізді клеткалар кездеседі – Лангерганс клеткалары.

Базальды қабат клеткаларының арасында бірен-саран лейкоциттер табылады және меланоциттер.

(базальный. ростковый) қабат- өскін

Цилинд немесе куб тәрізді бір қатар орналасқан клеткалардан тұрады, базальды мембранаға жабысып тұрады. Базальды клеткаларда домалақ пішінді ядросы бар.

Мүйізгектенбейтін эпителий

1. жалпақ клеткалардың қабаты

2. тікенекті қабат

3. базальды қабат

Мүйізгектенбейтін эпителий

Жұмсақ таңдай

Қызыл иек сайындағы эпителий

Ауыз қуысының түбі

Тілдің төменгі жағы

Ұрт

Ерін

Нағыз дәнекер тін қабаты екі қабаттан тұрады

1. бүртікті қабат, шекарасы толқынға ұқсас эпителий қабатына кіріп жатады, капиллярларға бай борпылдақ тінге жатады.

2. Оның астында торлы қабат орналасады және көлденең орналасқан коллагенді, ретикулярлы талшықтар шоғырынан және клеткалық құрылымдардан тұрады. Клеткалық құрылымдарға фибробласттар, толықша клеткалар, плазмациттер, сигменттіядролы лейкоциттер жатады.

Кілегей қабық асты қабаты (подслизистый слой)

1. қан тамырлар

2. сілекей бездері

Нағыз дәнекер тін қабаты астында борпылдақ дәнекер тіннен тұратын кілегей қабық асты қабаты (подслизистый слой) орналасқан.

Мұнда көптеген қантамырлар, ұсақ сілекей бездері орналасқан.

Қабықасты қабаты ауыз ішінің барлық аймағында бола бермейді:

қызылиекте,

қатты таңдайдың орталық тігісі, қызылиекке жақын аймағында,

тілдің үстінде,

еріндер жиегінде болмайды.

Тіл (язык- lingua)

Бұлшықеттен тұратын ағза, ас шайнауға, жұтуға, соруға, сөйлеуге, дәм сезуге қатынасады. Тілдің ұшын, денесін, түбірін, беттерін (үстіңгі, астыңғы, бүйір беттері) ажыратады..

Төрт түрлі бүртіктері

жіпке ұқсас,

саңырауқұлаққа ұқсас,

жапыраққа ұқсас,

науаға ұқсас

1 — науа тәрізді бүртіктері;

2 — жапырақ тәрізді бүртіктері;

3 — саңырауқұлақ тәрізді бүртіктері;

4 — тәттіні сезетін зонасы;

5 — тұзды сезетін зонасы;

6 — қышқылды сезетін зонасы;

7 — ащыны сезетін зонасы;

8 — тіл нервісі;

9 — тіл-жұтқыншақ нервісі.

Дәмді бүртіктерінің орналасуы, иннервациясы, сезімталдық зоналары

Жіпке ұқсас бүртіктер-нитевидные сосочки (papillae filiformes) 500 тал 1 см². Оларға тактильді сезімталдық тән.

Грибовидные сосочки –papilae fungiformes. Қантамырларына бай, дәм сезу баданалары орналасқан.

Жапыраққа ұқсас бүртіктер- papille foliatae.

Науаға ұқсас бүртіктер- papillae vallatae. Саны 9-11.

Кілегей қабықтың адам жасына байланысты өзгерістері:

эпителий қабаты жұқарады,

клеткалы құрылымдардың көлемі кішірейеді,

эластикалық талшықтар қалыңдайды,

коллаген талшықты шоғырлар тарамдалады.

60 жастан асқаннан кейін базальды жарғақтың бүтіндігі бұзылып, эпителий қабаты дәнекер тін бағытында өсе бастайды.

Ауыз кілегей қабығының қызметі:

қорғаныс,

пластикалық,

сезу (ыстықты, суықты, дәмді, тактильді-сезіну),

сіңіру-сору (органикалық, бейорганикалық заттарды, аминқышқылдарын, антибиотиктерді, дәрі-дәрмектерді).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу