Апра дақылы


АПРА ДАҚЫЛЫ

Орындаған: Қарабек М

Қабылдаған: Достемесова

АрпаҚазақстанның бүкіл аудандарында жаппай өсірілетін негізгі мал азықтық дақылдардың қатарына жатады. Құрғақшылыққа төзімділігі мен дән қоректілігінің құндылығына байланысты оның жемшөп құрылымындағы маңызы ешқашан жоғалмақ емес. Шөл және шөлейт жерлердің өзінде арпаның түсімі басқа жаздық дәнді дақылдармен салыстырғанда едәуір басым

Арпаның халық шаруашылығындағы маңызы өте зор, оның дәнінен көптеген салада пайдаланылатын сан алуан заттар жасалады. Арпа жармасыбағала әрі нәрлі тағамдардың бірі. Арпаны тері илейтін, тоқыма және кондитер өнеркәсібімен қатар медицинада да кеңінен қолданады. Ол әдетте сыра қайнататын өнеркәсіпте таптырмайтын аса құнды шикізат ретінде ерекше орын алады.

Арпаның дәні белок пен крахмалға бай болғандықтан, одан малға жұғымды құнарландырылған құрама жем дайындалады. Мал шаруашылығы, әсіресе шошқа мен құс өсіру дамыған сайын бұл дақылдың қажеттілігі күн санап арта түсуде.

Арпа дәнінің химиялық құрамы өте күрделі. Шығарылатын сорттардың бағыты мен өсу ортасына байланысты оның құрамында 12-14 % белок, 2-3 % май, 54-55 % крахмал, 5,5-5,8 % клетчатка және 2-3 % күл кездеседі. Дәннің 85 пайызы құрғақ заттардан түзіліп, мынандай химиялық қосылыстардан тұрады: көміртегі, азот, оттегі, сутегі, күкірт, фосфор, калий, кальций, магний, темір және кремний. Бұларға қосымша дәнде йод, бор, мырыш, темір, марганец, және сол сияқты сирек кездесетін элементтер бар. Олар кәдімгі жасушадағы физиологиялық және биохимиялық процестердің бір қалыпты жүруіне айрықша ықпал етеді.

Арпаның өсу және даму кезеңдеріндегі топырақ ылғалдылығы мен температурасына талаптары біркелкі емес. Оның тұқымы 1-3°С жылылықта өне бастайды, бірақ толық көктеуі үшін қолайлы 15-25°С температура қажет. Жер бетіне көктеп шыққаннан бастап, толық піскен уақыт аралығында бірнеше даму кезеңдерінен өтіп, әсіресе қысқы-көктемгі ылғал қорын тиімді пайдаланады да, оңтүстік аудандарда шілде түскенге дейін дән түзіп үлгереді

Арпаның оңтайлы тұқым  себу мөлшерін анықтау өте жауапты агротехникалық шара, өйткені бұл күтіп-баптау тәсілдерін жетілдіру мен сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделген жаңа сорттардың аудандастырылуына сәйкес әрдайым нақтылауды талап етеді. Агротехниканың осы әдісінің мән-маңызы ылғалы жеткіліксіз жерлерде одан сайын арта түспек, себебі тұқымның шектен тыс мөлшері қосымша шығынмен қатар өсімдіктердің ойдағыдай дамуына қажетті топырақ ылғалының тиімсіз пайдалануына бірден-бір себепші болады. Ал сирек егістік органикалық заттарды түзу үшін күн энергиясын, топырақ құнарлылығы мен ылғалын толық пайдалана алмай, нәтижесінде арамшөптермен ластанып, жоспарлы өнім денгейін қамтамасыз ете алмайды.

Неміс ғалымы E. Wolni [2]  өсімдіктердің өсуі мен дамуын тыңғылықты зерттей келіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректену алаңы жөніндегі теорияны дамытуға қомақты үлес қосқан. Көптеген егістік және зертханалық тәжірибелердің негізінде ол бірқатар дақылдардың оңтайлы қоректену алаңын  өсімдіктердің тіршілік жағдайларымен құнарлылық, ылғалдылық, топырақтың ластануы, аурулар мен зиянкестердің әсері және тағы сол сияқты факторлармен байланыстыра отырып, ғылыми түрде негізді дәлелдеген. Зиянкестер мен ауруларға, арамшөптерге қарсы бәсекелестікті күшейту үшін егістіктің тығыздығын көбейту қажеттігі жөніндегі тұжырымдары іс жүзіндегі егіншілікте қолданылатын айтарлықтай бетбұрыс болды.

Д.В. Козинец мемлекеттік сорт сынау жүйесінің мәліметтеріне сүйене отырып, арпаның тұқым себу мөлшерін жыл сайын дифференцивтендіру арқылы ғана гектарына 2 центнерден артық қосымша өнім алуға болатынын дәлелдеген. Автордың тұжырымдауынша, бұл жағдайда топырақтың құнарлылығы және өсірілетін сорттардың түптену қабілеті, сондай-ақ тұқымның  егістік сапасы мен өнімділік қасиеттері есепке алыну тиіс.

Өсімдіктердің жиілігі топырақтың құнарлығына байланысты қалыптастыруды зерттеушілер олардың түптену қасиетімен байланыстырады. Егіс танабындағы сабақтар саны айтарлықтай дәрежеде өсімдіктердің түптілігімен анықталады, сол себепті соңғы көрсеткіш арпа өнімі құрылымының өте маңызды элементтерінің бірінен саналады. Дегенменбұл тұрғыда да ғалымдар арасында өсімдіктің түптенуі жөнінде екі көзқарас қалыптасқан. Алғашқылары түптенуді қажетсіз құбылыс деп тапса, кейінгілері оны өнім көтерудегі шешуші фактор ретінде қабылдайды.

Бұрынғы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы метеорологиясы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе деректерін талдау Қара топырақты емес аймақтағы арпаның оңтайлы тұқым себу мөлшерін анықтайтын факторлардың біріылғал режимі екендігін көрсетеді. Ылғалы жеткіліксіз (ылғал шығыны 40-70 мм) және себу мөлшері гектарына  5 млн. дәннен кем болған жағдайда салыстырмалы түрде сабақтар саны сирек қалыптасады, ал өсімдіктері ылғалмен жақсы жабдықталған, тығыз өнімді сабақтар саны (800 данадан көп) – гектарына 5 млн. дәннен асыра сепкенде байқалады. Осы көрсеткіштерді басты белгі ретінде ала отырып, айтылған аймақ үшін төмендегідей ұсыныстар енгізілген: ылғалы жеткіліксіз жағдайда 3-4 млн., ылғалы ора деңгейде 5-6 млн. және жоғары болғанда 7-9 млн. дән себу.

Арпаның жоғары өнімін алу үшін екі фактордың маңызы зор: ол топырақтағы қоректі заттардың жеткілікті аясын жасап, соған сәйкес оңтайлы өсімдік тығыздығын қалыптастыру. Бұл жөнінде жүргізілген тәжірибелер негізінде бір шаршы метрдегі өсімдіктер санын 600 данаға дейін ұлғайту егістік шығымдылығын төмендетіп, ал 500 дана болғанда өнімнің біршама көбейтетіндігі байқалған .

Масақты дақылдың түсімі мен дәнінің технологиялық және өнімділік көрсеткіштерінің шамасы кез келген жағдайда егістікте қолданылатын агротехникалық шаралардың қысқа мерзімде әрі сапалы атқарылуына, яғни шаруашылықтағы егіншілік мәдениетінің деңгейіне тікелей тәуелді. Осы заңдылықты барынша қуаттайтын бірқатар зерттеушілер егіншілік мәдениеті дамыған ауыл шарашылығы құрылымдарында арпаның себу мөлшерін гектарына 3,5-2,5 млн. дәнге дейін төмендетуге болатындығын айтады

Ежелден арпа селекциясы үшін «өсімдіктер биіктігі» белгісі жатып қалмайтын қысқа сабақты сорттар шығару бағытында селекционер-ғалымдардың назарынан ешқашан тыс қалған емес. Сол себепті жоғары агротехникалық аяны тиімді пайдаланып, енгізілетін тыңайтқыштар бірлігіне (1 кгәсер етуші затқа 6-7 кгдәннен артық) сәйкес барынша көлемді өнім түсімін қамтамасыз ететін интенсивті сорттар қажет. Мұндай сорттар жоғары өнімі және сапасымен қатар жатып қалуға, құрғақшылық, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тағы сол сияқты бағалы қасиеттерімен ерекшеленуі тиіс.

Жоғарыда келтірілген ғылыми мәліметтермен қатар осы тақырып аясын кең байтақ Қазақстанның сан алуан топырақ-климат жағдайларында жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен толықтыруға болады. Әдеттегідей біздің республикамызда да сан қилы табиғат құбылыстары ұшырасатын таулы биіктіктен еңіске қарай созылып жатқан кеңістікке байланысты талай-талай белдемдер қалыптасқан. Жалпы астықты аймақтар үшін негізгі шектеулі фактор ретінде ылғалды атасақ, биік таулы аудандарда жылудың жетіспеушілігі айқын байқалады. Сол себепті топырақ түзуші жыныстар мен құбылмалы ауа райы ерекшеліктерінің жиынтығынан құралатын түрлі географиялық белдеулерде жаздық арпаның себу мөлшері де біршама көлемде ауытқып тұрады

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы белдеулерде және Шығыстың құрғақ далалы аудандарында гектарына 160-180 кгтұқым жұмсалғанда арпаның ең жоғары өнімі түзіліп, астық сапасы ешқандай төмендемеген. Егістіктің ылғалмен жақсы жабдықталуына байланысты бұл жерлерде арпа шығымдылығын арттыру үшін топыраққа тұқыммен бірге қатарлап 15-20 кгтүйіршіктелген суперфосфат енгізу ұсынылады

Қорыта келгенде, арпаның тұқымының ірілігі мен себу мөлшері өсімдіктердің тіршілік ортасына байланысты айтарлықтай шамада өзгеріп отырады. Сондықтан қаралған мәселелер нақты топырақ-климаттық және агротехникалық жағдайларға, өсірілетін дақыл мен сорттардың  биологиялық ерекшеліктеріне қарай мұнан былай да тиянақты зерттеуді қажет етеді.

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу