Ақпаратты сығу


Ақпаратты сығу

Ақпарат (лат. informatioтүсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпаратсөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.

Ақпаратқарастылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы.

Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететінақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар.

Ақпарат бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді. Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.

Қатты  дискіде немесе ауыстырлатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.

Ақпаратты сығуфайлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

   Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады.

Мұрағатталған файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық болуы мүмкін.

Мұрағаттан алубұл файлдарды мұрағатқа орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.

   

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар мұрағаттаушылар (ахиваторлар)  деп аталады.

Архиваторлар файл көлемін 10-70 %-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ART, RAR, PKZIP, PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға еңгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдің бақылау коды болады.

Көлемі бойынша үлкен мұрағатталған файл бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай мұрағаттар көптомды деп аталады. Том- бұл көптомды мұрағаттың құраушы бөлігі. Мұрағатты бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің  жолы  -  қажет емес файлдарды жою. Ал егерде қажет емес файлдын бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын  болмаса, мұндай жағдайда дискідегі орынды  файлдың көлемін азайту үшін мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдын немесе файлдер топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.

Архиваторлардискідегі орынды үнемдеу үшін файлдын көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметтіфайлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына  болуы ақпаратты жазып, кейіңнен оларды өз реттіліктерің сақтай отырып алғашуы қалпына келтіретін мүмкіндікті пайдалану.

Архиваторлар файл көлемін 10-70 %-ға дейін  мүмкіндік береді. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кен таралған архиваторлар тобына ART, RAR, PKZIP, PKUNZIP тәрізді программалар жатады.

Архивтің файл – қысылған күйде әр файлға еңгізілген, қажет болғанда басталуы күйіңде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдің бауылау коды болады.

Win RAR – алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға орналған Windows-тың  RAR архиваторынын 32 разрядты нұсқасы. Әр  түрлі операциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нусқалы бар. Мысалы: DOS, OS/2, UNIX, BEOS.

Windows-да арналған RAR-дын екі  нусқасы  бар:

 Win RAR.exe – графикалық интерфейсті қолдану нұсқасы;

 Rar.exe – мәтіндік режимде  арнаулы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы.

Win RAR-ды екі түрде қолдануымызға болады: Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимінде және командалар қатарында.

Файлдарды архивке енгізу

Ең алдымен, Win RAR-ды іске қосу қажет. Ол үшін Win RAR белгішесін алып, тышқанды екі рет шертеміз немесе Enter-ді басамыз.

Қажет файлдар бар бұл салаға кірген соң, архивтейтің файлдар мен бұл салаларда ерекшелер белгілейміз.

Бір немесе бірнеше файлдарды ерекшелер алып, қосу батырмасын шертеміз. Пайда болған сухбат терезесіне архивтін атын енгіземіз. Осы жерден жаңа архивтің (RAR немесе ZIP) форматын, қылу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің параметрлерін таңдауға болады. Архивті жасау үшін ОК батырмасын шерту қажет.

Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Win RAR терезесін жүйесін салада   үшін, фондық батырмасын басамыз. Архивтеу аяқталған соң, статистика терезесі жойылады, ал қалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады.

Win RAR терезесінде архивті белгілеп және онын атында Enter пернесін бассақ, RAR архивті оқып, мазмұнын көрсетеді.

1.Ақпарат латынша қандай мағына береді?

A.мазмұндау

B.мағлұмат

C.дерек

D.ойлау

E.айту

2.Ақпарат деген не?

A. параметр өлшемі

B. оқиғаның болғаны

C. қарастылатын жүйе қалпы

D. Мұрағатталған файл

E. арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл

3.Ақпаратты сығу деген не?

A. файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

B. қабылданған және түснікті хабар

C. Ақпараттың құрамдас бөлігі

D. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады

E. бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект

4. Файлда ақпаратты сығу процесі қандай терминмен аталады?

A.деректерді сақтау

B.деректерді өшіру

C.деректерді жою

D.деректерді өлшеу

E. Деректерді мұрағаттау

5. Мұрағат дегеніміз не?

A. мәтіндік режимде  арнаулы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы.

B. графикалық интерфейсті қолдану нұсқасы

C. Көлемі бойынша үлкен мұрағатталған файл

D. Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар

E. бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект.

6. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны көрсетіңдер?

A.Windows

B.WinRar

C.Paint

D.Microsoft Word

E.Power Point

7. Ақпараттарды сығуға арналған бағдарлама

A. драйвер

B. архивариус

C. архиватор

D. конвертер

E. Антивирус

8. Файлды архивтеу дегеніміз

A. файлды сығу процесі

B. файлдың көшірмесін жасау

C. вирусқа тексеру

D. файлды сақтау

E. файлды өшіру

9. Архивтік файл дегеніміз?

A. қысылған күйде бір файлға енгізілген қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы

B. қысылған күйде бір файлға енгізілген бума

C. бір файлға енгізілген файлдың жиынтығы

D. көптеген файлдардың бір бумаға жинақталған түрі

E. дұрыс жауабы жоқ

10. Мұрағаттық файлдың құрамына не кіруі мүмкін?

A. тек бумалар

B. файлдар да, бумалар дa

C. тек файлдар

D. файлдар да емес, бумалар да емес

E.дұрыс жауап жоқ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу