👈 қаріп өлшемі 👉

Адам саудасы – қатерлі қылмыс


АДАМ САУДАСЫ – ҚАТЕРЛІ ҚЫЛМЫС

Орындаған: Балтабаев А.Г 207гр.

Тексерген: Байсалов А.Д

XX ғасырдың басынан бастап осы күнге дейін адамды саудаға салу күннен-күнге дамып келе жатқан қылмыс түрі болып табылады.Қазіргі таңда қылмыстың бұл түрін ауқымды трансұлттық проблемалардың қатарына жатқызсақ та қателеспейміз. Криминология көзқарасынан алатын болсақ,бұл қылмыстың жасалуынан көптеген мемлекеттерге залал келіп отыр,сол себепті бұны осындай көлемдегі проблема ретінде қарастырамыз.

ҚК-ң 128-бабында «Адамды саудаға салу» түсінігі - адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау.

Адамдарды оларды бұдан әрі пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге және Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдау, ауыстыру адам трафигі деп аталады.

Адамды саудаға салу

«Адам сатуға қарсы күрес туралы» Заңға байланысты ҚР Үкіметінің «Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және алдын-алу жөніндегі» 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бар. Ол ҚР Премьер Министрінің қолы қойылған Қаулысымен және ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі №462 Қаулысымен бекітілген.

         Мақсаты – адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын-алу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру үшін қабылданған.

Адам сатуға қарсы күрес туралы

Адам саудасына қарсы 1926 жылы қабылданған Ұлттар Лигасының Құлдық туралы Конвенциясы бар, араға 4 жыл салып, 1930 жылы Күштеп жұмысқа тартуға тыйым салу туралы тағы бір Конвенция өмірге келген. 1949 жылы Адам саудасы және жыныстық құлдыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы пайда болады. 2000 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам саудасын жою мен ескерту туралы Қаулысын қабылдайды. 23 тамыз – Халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу, 2 желтоқсан – Халықаралық құлдыққа қарсы күн болып белгіленген.

Адамды құлдыққа салудың бұл формасы «адам саудасы» деген терминмен түсіндіріледі (трафик). Оның таралу тарихы қысқаша былай болған. Адам саудасы ең алғаш рет құқық қорғаушылар тарапынан XX ғасырдың басында өзекті мәселе ретінде көтерілген. Сол кездегі халық өз назарын континентальды Еуропаға Ұлыбританиядан әкелініп, жезөкшелікке мәжбүрленген әйелдерге аударды. «Адам саудасы» термині осылайша түпкілікті қалыптасты. Оған құқықтық тұрғыда былай деп анықтама береді: адам саудасы – адамдарды пайдалану мақсатында қылмыстық әрекетке тарту, басқа жаққа алып өту, басқаға өткізу, жасыру немесе күш көрсету не мәжбүрлеудің басқа да формасы арқылы адамдарды алу, ұрлау, алаяқтық жасау, алдау, билікті бас пайдасына асыру, әлеуметтік немесе психологиялық жағдайының нашарлығын пайдалану не басқа тұлғалардың бақылауындағы адамдарды өтем орнына сатуға келісімін алу. Қысқасы, адамның бас еркіндігінен тыс саудаға салу деген сөз.

Мамандардың пікірінше, бүкіл дүниежүзінде жыл сайын шамамен 800 мыңнан 4 миллионға дейінгі адам құлдыққа сатылып, еңбегі қаналса, олардың дені қыз-келіншектер екен. Ал бұл қылмысты ұйымдастырушы азаматтар одан жылына 7 миллиард доллар табыс табатын көрінеді. Сондықтан да бүгінгі күні адам саудасы әлемдегі ең табысты кәсіп бойынша үшінші орында тұр, ал одан алдыңғы екі орынды заңсыз қару-жарақ сату және есірткі саудасы иемденген.

Адам саудасының пайда болуы

Құлдыққа, күңдікке сату ке­­ңес өкіметі ыдыраған жыл­дары басталды. Жетпіс жыл жа­бық шекарадан шыға ал­май жүрген жастар шетелдерге жол ашылысымен, алаяқ­тар­дың артынан ілесіп, Батысқа, араб елдеріне жұмыс іздеп шық­ты. Сол кездерде «жұмыс тауып береміз» деген желеумен ту­ристік фирмалар одақтас рес­публикалардан жас қыз­дарды топ-тобымен апарып, жез­өк­шелікке сала бастады. Оларды алдап, ұрлап әкететін болған. Мұндай жағдай тек бұрынғы КСРО елдерінде ғана емес, бүкіл әлемде етек алды. БҰҰ-ның жұмыс тобы 1980 жыл­­дан бері әлемде адам ұр­ла­нудың 50 мыңға жуық жағ­дайын зерт­теген. Әлемде ұр­лан­ған адам­дардың саны жыл сайын артып келеді. Зерттеулер бойынша дүниежүзінде ер адамдарға қарағанда әйелдер мен балалар өте көп ұрланады екен. Адамды ұрлап, құлдыққа сату осылайша қазіргі за­ман­ның үлкен проб­лемаларының біріне айналды.

Қылмыс құрамы

Қылмыстың объектісі–адамдардың бостандығы мен еркі, қосымша тікелей объект – жәбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі.

Қылмыстың субъектісі –16 толған кез келген адам.

Қылмыстың объективті жағыадамдарды алдау жолымен жасалған нәпсіқұмарлық немесе өзгедей пайдалану әрекеттері.

Қылмыстың субъективті жағы тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік мақсатпен істеледі.

Адамды саудаға салу әлем бойынша өте кең ауқымды қылмыс болып табылады, және ол қылмыстық әрекеттердің өте жылдам дамитын түріне жатқызылады, және ол есірткі мен қару сатуға қарағанда әлеуметтік бақылауды айналып өтетін қылмыс болып табылады. Адамды саудаға салу есірткі мен қару сату қылмыс түрінен кейін әкелетін пайдасы бойынша үшінші кезектегі қылмыс екенін атап кеткен жөн.

Адамды саудаға салу айтусыз мөлшерге дейін дамып жатыр: жылына 800 000 адам, әсіресе әйелдер және балалар шекаралар арқылы сатылып және сатып алынып жатыр, және бұл қылмыстың көлемі тоқтамай етек алуда. Европол (Еуроодақтың полициялық одағы) мәліметтері бойынша, адамдарды саудаға салудан түсетін жылдағы пайда 19 миллиард АҚШ долларына дейін жетеді.

Даму қарқыны жоғары қылмыс

ҚР ІІМ-нің статистика мәліметтері

Адам саудасының өркендеу себептері

Біріншіден, бұл Қазақстанның ТМД елдерімен шекарасының ашықтығы;

Екіншіден, мемлекеттер арасындағы және Қазақстанның ішіндегі көші-қон ағынының күшеюі;

Үшіншіден, экономикадағы игілікті жағдай және бұрынғы кеңестік елдермен салыстырғандағы жоғары жалақы;

Төртіншіден, ұйымдасқан қылмыстың жаһандануы, «тірі тауарлар» жеткізудің орнықты арнасын ұйымдастырудағы оның мүмкіндіктерін кеңейту, ол біздің елімізге жеткізуші ғана емес, сонымен бірге сатып алушы, транзиттік дәліз ретінде де қарайды.

Елімізде адам саудасының фактілерін анықтау мақсатында, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру, адамды ұрлау және нәпсіқұмарлық немесе басқа түрде пайдалану үшін заңсыз бостандығынан айыру түрінде қылмыстарға қарсы құқық қорғау органдарымен тұрақты түрде жедел іздестіру және алдын алу шаралары жүргізіледі.

Адамдарды саудаға салу және құлдардың еңбегін пайдалану, заңсыз миграциясы саласында қылмыстарды тергеу және ашу, анықтау, алдын-алудың әдістемелік негізін орындауға қатысты, Қазақстан Республикасының ІІМ-де арнайы бөлім құрылған болатын.

Адамдар трафигіне қатысты қылмыстар және адамды саудаға салу фактілерін анықтау мақсатында, Республика территориямызда ішкі істер органдарымен әрбір квартал сайын «STOP трафик» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Мысалы, 2009 жылы наурыз айында ҚР ІІМ бастамасымен, «STOP трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы шегінде, ОО «Қазақстан дағдарыс орталығының одағы» және АҚШ елшілігімен бірге «Адам саудасының құрбаны болма» атты агитпоезді жіберумен республикалық акциясын өткізген болатын.

Мемлекеттің алдын алу шаралары

Адам саудасы-трансұлттық проблема

Адам саудасының трансшекаралық сипатын ескере отырып, ҚР Бас прокуроры шетелдік мемлекеттермен халықаралық-шарттық базаны кеңейту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Контрагенттердің қарауында Египетпен, Израильмен, Сауд Арабиясымен, Біріккен Араб Әмірліктерімен және Латвия Республикасымен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және адамдарды беру туралы халықаралық шарттардың жобалары жатыр. ҚР Бас прокуратурасы сол сияқты Катар Мемлекетімен, Таиланд Корольдігімен, Польша Республикасымен, Чех және Венгер республикаларымен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және қылмыс жасаған адамдарды беру туралы келісімдер мен шарттар әзірленді, олар мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген және Әділет министрлігінде сәтті заңгерлік сараптамадан өткен.

Қазіргі таңда Франциямен, Германиямен, Бельгиямен, Грециямен және Румыниямен осындай шарттардың жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде.

Халықаралық шарттар

адамдарды сатуға байланысты қылмыстардың алдын-алу

кеден органдарының тексеру жұмыстарын күшейту

қарапайым халықтың құқықтық сауатын көтеру

насихат жұмыстарын жаһандыру қауіпсіздік шараларын күшейту  

    

адам саудасымен күресті насихаттау

адам саудасының алдын алу мақсатындағы шараларды қаржылдандыру

жоспарланған құлдық және құлдыққа сатуды жасауға дайындалғандарды, яғни зорлау сияқты әрекеттерге жазалау шараларын барынша қатаңдату;

Адамды саудаға салумен күресу шаралы

Есептік кезең ішінде Қазақстанда құқық қорғау органдарының адам саудасымен күресінде біршама жетістіктер байқалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 128 және 133, 125 (3б), 126 (3б), 270 және 132-баптарына сәйкес адамды саудаға салуға тыйым салынған, бұл қылмыс үшін он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Бұл – едәуір ауыр жаза түрі және ол кісі зорлау сияқты басқа да ауыр қылмыс түрлеріне белгіленетін жазамен барабар. 2010 жыл Қазақстан заңнамаға ӛзгерістер енгізіп, Қылмыстық кодекске балаларға қатысты сексуалдық қылмыс түрлеріне жазаны қатаңдататын 132-1 бапты енгізді.

2010 жылы полиция адам саудасы бойынша 88 істі тергеді (2009 жылы тергелген 49 іске қарағанда бұл анағұрлым көп). 48 іс бойынша айып тағылған (ал 2009 жылы - 35 айып). 2010 жылы адам саудасымен айналысқан 32 адам сотталды (2009 жылы 24 адам сотталған). Олардың ішінде 29 адам жезөкшелікке жегу мақсатындағы адам саудасы үшін сотталған (2009 жылғы 21 адамға қарағанда ұлғайған), ал 3 адам мәжбүрлі түрде жұмыс күшіне айналдыру мақсатындағы адам саудасы үшін сотталған (2009 жылғы көрсеткішпен бірдей). 5 айыпталушы шартты жазаға кесілді және түрмеде жазасын өтеуден босатылды. Адам саудалаған 27 адам 2-ден 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту

Адам саудасы ер-азаматтардың еңбегін, қыз-келіншектердің тәнін саудалаумен шектелмейді. Әсіресе, жас балалар саудасының өршу себебі олардың организміне сұраныс басым. Биоинженерлік технологияның қарыштап дамығаны сонша, адам ағзасындағы маңызды мүшелердің ең қымбаты өз құнын жоғалта бастаған. Айталық, сау өкпенің құны – 116,4 мың АҚШ долларына тең екен. Бүйректі 91,4 мың долларға сатып алуға болады. Ал жүректің бағасы бүйрекке қарағанда арзан көрінеді, яғни 57 мың АҚШ долларына сатып алуға, не сонша ақшаға жүрек ауыстыруға болады. Ми сүйектерінің 1 келісі 23 миллион АҚШ доллары тұрса, ДНК молекуласының 1 грамы – 1,3 миллион долларды құраған. Адам ағзасында өндірілетін антидене ең қымбат мүше саналады. Оны сатқан қожайын 7,3 миллион АҚШ долларына ие болады. АҚШ медициналық және қауіпсіздік ұйымдарының есептеуінше, бүгінде бір адамның құны 45 миллион доллардан асады екен

Американың адам репродукциясы орталығы мамандарының айтуынша, денсаулығы жақсы әйел 8 жыл өзінің 32 аналық жасушасын сату арқылы 224 мың АҚШ долларына дейінгі мөлшерде пайда таба алады екен. Еркектер де дәл осындай қаржыға кенелуі үшін өз ұрығын 20 жыл ішінде айына 12 рет беру арқылы «баюға» мүмкіндігі бар көрінеді. Осылайша, адамды тірілей түгіл, бөлшектеп сату арқылы жұмыр басты пенденің тағдырына қиянат жасалып жатыр.

Кісінің құны көк «қағаз»

адамның дене мүшелері мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (113 бап);

   адамды ұрлау (125 бап);

  бас бостандығынан заңсыз айыру (126 бап);

   саудаға салу (128 бап);

   кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту (132 бап);

кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133 бап);

жезөкшелікпен айналысуға тарту (270 бап);

Қазақстан Республикасының ҚК осы санатқа байланысты бірнеше баптар бар.

1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -

мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;

б) бірнеше рет;

в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

д) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;

е) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

ж) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің органдарын немесе тінін алу мақсатында;

з) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;

и) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;

к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, -

мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттерді жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -

мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер:

а) ұйымдасқан топпен жасалса;

б) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

мүлкін тәркілеп, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

128-бап. Адамды саудаға салу

1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -

мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;

б) бірнеше рет;

в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

д) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

е) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің органдарын немесе тінін алу мақсатында;

ж) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;

з) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;

и) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;

к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, -

мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -

мүлкін тәркілеп немесе онсыз он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер:

а) ұйымдасқан топпен жасалса;

б) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

мүлкін тәркілеп он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу

1. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту-

үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру не алдау жолымен кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту-

бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Мыналар:

а) ұйымдасқан топ;

б) жезөкшелікпен айналысуға тартқаны не притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны немесе жеңгетайлық жасағаны үшін бұрын сотталған адам;

в) оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам жасаған нақ сол әрекет,-

жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

132-1-бап. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту

1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тініне қатысты заңсыз мәмілелер жасау -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) кінәліге дәрменсіз күйде екендігі көрінеу белгілі адамға қатысты;

б) кәмелетке көрінеу толмаған адамға қатысты;

в) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;

д) бірнеше рет;

е) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

ж) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі әйелге қатысты;

з) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;

и) өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;

к) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, -

үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

113-бап. Адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу

1. Адамды ұрлау -

төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;

б) бiрнеше рет;

в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып;

г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;

д) кәмелетке толмағандығы көрiнеу адамға қатысты;

е) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi көрінеу әйелге қатысты;

ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

з) пайдакүнемдiк ниетте жасалса -

мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) ұйымдасқан топ жасаса;

б) ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;

в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Ұрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2. Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128, 133-баптарында адамды пайдалану деп, кінәлінің алынған табыстарды иеленіп алуы мақсатында мәжбүрлі еңбекті, басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сонымен бірдей оның өзіне байланысты емес себептер бойынша жұмыстарды немесе қызметтерді орындаудан бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыруы түсініледі.

125-бап. Адамды ұрлау

1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет:

а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;

б) бiрнеше рет;

в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;

г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылған заттарды қолданып;

д) кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;

е) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi көрiнеу анық әйелге қатысты;

ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

з) пайдакүнемдiк ниетте;

и) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалса,-

мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) ұйымдасқан топпен жасалса;

б) бас бостандығынан заңсыз айрылған адамды пайдалану мақсатында жасалса;

в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -

мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру

Жалпы әлемді шырмаған бұл мәселенің алдын алу үшін біздің елімізде де барлық шаралар қолға алынуда.Бірақ, ең бастысы, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жер-жерде ақпараттық қамтамасыз етуді, халыққа сақтық мәселесін кеңінен түсіндіруді қолға алған жөн. Сондықтан, әлемдік ауқымды бұл проблеманы алдын алуда, тым болмаса, мынадай шараларын жүзеге асыру қажет:

қарапайым халықтың құқықтық сауатын көтеру

жоспарланған құлдық және құлдыққа сатуды жасауға дайындалғандарды, яғни зорлау сияқты әрекеттерге жазалау шараларын барынша қатаңдату;

жоспарланған құл саудасын жасаған адамдарға жеткілікті түрде жазалау шараларын белгілеу;

адам саудасымен күресті насихаттау

мемлекеттің құлдық және құлдыққа сатудың алдын алу мен болдырмау шараларын қатаң қадағалануы.

Адам саудасы жөніндегі қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөнінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мұндай қатыгез әрекетке тұсау салуға білек сыбана кірісу керек.

Тәуелсіз еліміздің ертеңінің бүгінгіден нұрлы болуының өзі осыған байланысты екенін әсте естен шығармаған дұрыс.

Қорытынды


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы