Шәмші Қалдаяқов (Ақ бантик)

 Шәмші Қалдаяқов (Ақ бантик)

Балауса қыз едің бір кезде
Шашыңа ақ бантик байлаған
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
Көркіңе көз тастап ойланам

Қайырмасы:
Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай

Жол жатыр шақырып алдыңда
Өмір тұр ұсынып шаттығын
Білмеймін ержетіп қалдың ба
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін

Қайырмасы:
Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай

Жылдардың еркіне бағындың
Жылдарға қол создың жан құрбым
Белгісін балалық шағыңның
Айтшы сен қай жерде қалдырдың?

Қайырмасы:
Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Темірлан
    2 + 0 -
    Ержетіп кетіпсің емес бойжетіп кетіпсің, қыз бала бойжеткен, ер бала ержеткен болады
  2. Оқырман Жазира
    Оқырман Жазира 28.08.2024 23:18
    0 + 2 -
    Өнгспмрн омаерипегл