Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Аяқталмайтын жыр) » ZHARAR © 2016 | бақыт беделхан Аяқталмайтын жыр өлең стихи на казахском бакыт беделхан казакша олен, бақыт беделхан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бакыт беделхан, бакыт беделхан олендери, Аяқталмайтын жыр




  • »

Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Аяқталмайтын жыр)

Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Аяқталмайтын жыр) казакша Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Аяқталмайтын жыр) на казахском языке

Тәтті өмірге келіп еді Ол - ащы үнмен.
Келіп еді Ол - бір алапат тасқынмен.
Сөз-патшасы жүрегінде жаңғырып,
Тайталасты Тағдыр дейтін тақсырмен.

Тайталасты тағдырымен таласты,
Таласудың басы, соңы – бәрі ащы.
Жарасудың жөнін таппай жабығып,
Жазған жыры жан жарасын тағы ашты.

Жыр жазбаса кететіндей жынданып,
Біртүрлі ғой, Ақын дейтін, бұл – халық.
Жазған жырын жел тыңдаса мұңданып,
Ел тыңдаса қалатұғын бұлданып.

Тыңда, ақынды,
көпірі жоқ Көл-Ана,
Тыңда, ақынды, нөпірі көп Жер-Ана,
Тыңда ақынды тіреуі жоқ көк Аспан,
Алау жырдан аунап түсіп, домала!
Домаланған мынау шетсіз дүниеде
Өз мұңыңды тыңдамауға бола ма?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 109
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .