Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Әулиешоқымен қоштасу)

Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Әулиешоқымен қоштасу)

Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Әулиешоқымен қоштасу) казакша Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Әулиешоқымен қоштасу) на казахском языке
Қайырлы болсын сіздерге,
Бізден бұл қалған Еділ жұрт.
Қазтуған жырау
Әулие дейді ел,
(Өз басым сенем),
Бар кие дейді ғажап бір.
Көктемнің одан көз жасын көрем,
Бесігі болған азаптың.
Қаралы нардың шудасындай боп,
Қап-қара бұлт кеп ілінер.
Күнбидің асқақ тұлғасындай деп,
Сыйынған кеше дүйім ел.
Қызғалдақ терсе гүл қыздар келіп,
Күрсініп қалар кейде бір .
Түн бойы көктен жұлдыздарды еміп,
Тұрады ауыр ой көміп.
Батырып күнді, таңды да атырып,
Тәңірден медет сұраймын.
Басымды сосын баурына тығып,
Өзім де өксіп жылаймын.
Күн шығар тұстан жеткен деседі,
Кеудеңе батқан қорғасын.
Тас болып сосын кеткен деседі,
Үйсіннің ұлы ордасы.
Сол Тәңіртауым туғызған күй көп,
Өшіре алмас енді ешкім.
Таң алдындағы жұлдыздай сиреп,
Бірсін де бірсін ел көшті...
Бір асқақ күй ең қобыздан жеткен,
Құлаштап салған хан бабам.
Ұлы асқақ Үйсін, Оғыздар өткен,
О, қайран, менің тау-далам!
Қош енді,
Саған сүйеніп өстім,
Мәңгі асқақ, дарқан құз – кеуде.
Бізден бұл қалған киелі көк шың,
Қайырлы болмас «Сіздерге»!..

(2006)


Айбарлы ата жауымның есігінде өсіп,
Жетімім қаңғып жоғалған, жесірім босып.
Бетімен кеткен бүлініп, бесігін кесіп,
Түзелмей кетті-ау қазақтың осы бір көші!
Сары нар таққан сол көштің бұйдасы қалған,
Сұңқылдап барып басталды күй басы зардан.
Сары өзен жақта ғұндардың қу басы қалған,
Самарқан жақта сақтардың сырласы қалған.
Айдаһар басты ата жау қылышын бұлғап,
Үш жүзім құрған шайқалтты ұлысымды ырғап.
Әуелгі қалған ұл-қызым, туысым қымбат,
Тәуелді болған тізгінім, құрысын бұл бақ!
Оң иығыма күн сүйген қыранымды алдым,
Сол иығыма құл сүйген құранымды алдым.
Қозғап бір келем қайғысын бұла қырлардың,
Боздап бір келем үстінде құла құмдардың.
Көк бөрі текті тұқымы ем бағызы көктің,
Көктегі күн, ай - куәсі жазығы жоқтың.
Көк туым сені көрдім де қазығым еттім,
Көк тәңір өзің қолда деп тағызым еттім!

2006


Көктемдей тұнық ғұмырмын,
Көзіне толған шайырдың.
Мөп-мөлдір мұңды шырынмын,
Безінен тамған қайыңның.
Көкжиектегі қан-қызыл.
Таң алды туған жұлдызбын.
Көктемге көрпе салғызып,
Маңдайын сүйдім күн–қыздың.
Көзімді ашсаң өзің біл,
Тұншығып жатқан тұмамын.
Бұлқынып тұрған кезім бұл,
Булығып қанша жыладым!
Өзегімді удай кек қысып,
Бөрімін жортқан аулаққа.
Еркелеп ессіз, көп күшік,
Етегіме енді жармаспа!

2006


Бала едік қой, бала едік, балғын ой көп,
Балалықты біліппіз мәңгі ғой деп.
Мені өсірген өзімнің «пайғамбарым»
Жолдасы еді әкеңнің қанды көйлек.
Бірге ойнадық, бірге өстік, бөлінбеуші ек,
Бүйтер ме едік сондағы көңілге ерсек?!
Қылығыңа мәз болып, қайран атам,
Тұлымыңнан иіскеп «келін» деуші ед.
Ал мен тентек білуші ем бір бәлені,
Сол сөз үшін жүрегім құрбан еді.
Қыдырлы өмір шалдардың шарапаты,
Құлын көңіл сезімнің құндағы еді.
Бүлінді бақ, ақ көңіл шал да кетті,
Бөлтірік ем, бақты өмір, Арлан етті.
Бұрымыңдай екіге бөлінді ірге,
Бұлттай бастан ай мен жыл аунап өтті.
Жалған өмір күттірген баққа бола,
Жалғыз жортып кетіппін жат қалаға.
Сеніміңді сезбесем, кешір мені,
Сері күнді кешірсін хақ тағала.
Жібек мінез періштем сен едің ғой,
Жетелеген жақсы аға мен едім ғой.
Адал, аңқау, о, менің махаббатым,
Аяқталмай қалған бір өлеңімдей.
Тұғырдағы құс едік шал қайырған,
Түлеп ұштың,
алмайын шалғайыңнан.
Саған жар да, маған жат бақыт көрдім,
Менің атам иіскеген маңдайыңнан.

2006


Бөлек тағдыр екенбіз-ау, кеш білдім,
Бөлек жолда екенбіз-ау, кеш, құрбым.
Шер қозғаған күңіренгіш қобыздың,
Шаң қонбаған шанағындай ескірдім.
Шемен болған шер кеудемнің селісің,
Өлең қоған зор кеудемнің сорысың.
Сенің жаның ауырмайды мен үшін,
Менің жаным ауырлайды сол үшін.
Кірпігіңе кіріптармын, боданмын,
Күнәсін де білмейсің сен обалдың.
Құла дүзде маңыраған Қозымын,
Құла құмнан құдық қазған Қодармын.
Қолыма енді қонбай-ақ қой, қонбасаң,
Сенен маған түсіп еді жол қашан?!
Мені қойшы, сені аяймын, «жаман» қыз,
Бүйтер ме едің бақытсыздау болмасаң.
Өшірместей өртің қалды қоздаған,
Шешілместей сертім қалды боздаған.
Құрғыр қыз-ау, енді сені жыр етпен,
Бұл жырды да саған арнап жазбағам.

2011

Автор: Nurali Erubaev | 2 518 | 25.04.2016



Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, қайсар қауымбек Әулиешоқымен қоштасу өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен, қайсар қауымбек өлеңдері сайты, стихи на казахском языке кайсар кауымбек, кайсар кауымбек олендери, Әулиешоқымен қоштасу, қайсар қауымбек Әулиешоқымен қоштасу өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен қайсар қауымбек өлеңдері сайты стихи на казахском языке кайсар кауымбек кайсар кауымбек олендери Әулиешоқымен қоштасу, Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Әулиешоқымен қоштасу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке