Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Шұғылалы түн) » ZHARAR © 2017 | ерлан жүніс Шұғылалы түн өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Шұғылалы түн




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Шұғылалы түн)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Шұғылалы түн) казакша Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Шұғылалы түн) на казахском языке

Ұлы бесін. Үмітті шақ.
Жазғы жаңбыр, өтпелі.
Түбіт мұртты жігітке ұқсап,
Толқығаны, не еткені,
бұл көңілдің?!
Тамылжулы,
Жастық әні – жас үміт,
Әлденеге абыржулы,
Әлдекімге асығып,
Келем...
Бір тал, жоқ, екеу ме,
Үш шоқ гүл ме, жоқ әлде?!
Тағдыр бізді тақ етер ме,
Жұп етер ме?
Обал не,
Ғалжа ғұмыр кешпек – күнә,
Сүймек – тағы сүннәттан,
Есіл күннен ес кетті ме,
Босқа өтті ме,
Мың батпан
Мұң көтеріп, жол таба алмай
Жан таба алмай жол сұрар?!
Бұл жолдарды бірге өтерлік,
Бір жан болса, сол шығар,
Деп, келемін,
Тамылжуда,
Жастық әні – жас үміт,
Әлденеге абыржулы,
Әлдекімге асығып...


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 125
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .