Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қарөлең) » ZHARAR © 2017 | ерлан жүніс Қарөлең өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Қарөлең




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қарөлең)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қарөлең) казакша Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қарөлең) на казахском языке

Əппақ қар,
Аспаннан қалықтап келеді,
Бұлттан да биік бір əлемнен.
Ол соған сенеді -
Сенем мен!
Сенеді ол,
Күтер деп бір адам,
Бір адам - сенетін арманға,
О, мейлі ол таза емес күнəдан,
О, мейлі ол ақ емес қардан да,
Бір адам - үмітке сенетін,
Көнетін, сол үшін, көнсе де,
О, мейлі ол кітаптай көне тым,
О, мейлі ол отызға келсе де.
Сенеді ол,
Күтер деп көз ілмей,
Өзіндей, жүрсе де қай маңда,
О, мейлі ол жабайы - сезімде,
О, мейлі ол ақымақ - ойлауда.
Бір адам - сенетін жаңаға,
Келетін жол кешіп қаншама,
О, мейлі ол ұқсайды балаға,
О, мейлі, ол ақын болса да.
Əппақ қар,
Шалықтап, қалықтап келеді,
Періште тұратын əлемнен.
Ол соған сенеді -
Сенем мен!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 98
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .