![]() |
|
![]() |
Ерлан Жүніс (Күнім)

Күнім,
Маңдайымның иісіне хат жазып берші,
Жусанды даламдай аңқысын.
Жүзімнің нұрына хат жазып берші,
Сенің сәулеңдей шалқысын.
Күнім,
Сөзімнің киесіне хат жазып берші,
Өмір сүйетінімді ұға алсын.
Көзімнің жасына хат жазып берші,
Жыласам – жетімдер жұбансын.
Күнім,
Алақан ыстығына хат жазып берші,
Тас бауырларды жылытсын.
Көңіл суығына хат жазып берші,
Көрген жәбірін ұмытсын.
Күнім,
Жан парағына хат жазып берші,
Оны уақыт оқысын.
Саусақ таңбасына хат жазып берші,
Ешкімнің жемесін хақысын.
Күнім,
Мені өзіңе шақырып алшы,
Алып кетсінші құс аппақ.
Ақ бауырыңда бұйығып жатайын,
Сәби дүниені құшақтап.
Маңдайымның иісіне хат жазып берші,
Жусанды даламдай аңқысын.
Жүзімнің нұрына хат жазып берші,
Сенің сәулеңдей шалқысын.
Күнім,
Сөзімнің киесіне хат жазып берші,
Өмір сүйетінімді ұға алсын.
Көзімнің жасына хат жазып берші,
Жыласам – жетімдер жұбансын.
Күнім,
Алақан ыстығына хат жазып берші,
Тас бауырларды жылытсын.
Көңіл суығына хат жазып берші,
Көрген жәбірін ұмытсын.
Күнім,
Жан парағына хат жазып берші,
Оны уақыт оқысын.
Саусақ таңбасына хат жазып берші,
Ешкімнің жемесін хақысын.
Күнім,
Мені өзіңе шақырып алшы,
Алып кетсінші құс аппақ.
Ақ бауырыңда бұйығып жатайын,
Сәби дүниені құшақтап.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: ерлан жүніс Күнім өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Күнім