Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Орман сыры) » ZHARAR © 2016 | ғафу қайырбеков Орман сыры өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, Орман сыры, орман туралы өлеңдер, орман туралы олен




  • »

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Орман сыры)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Орман сыры) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Орман сыры) на казахском языке

СССР Жоғарғы Советінің депутаты,Ұлы Отан соғысының батыры, комиссар Хаби Хабиббуллинге ескерткіш

Орман, орман! Ұлы орманы орыстың,
Сан өртеніп, сан көктедің, толыстың.
Бақытты екен
Байтақ Русь сенімен,
Оның талай тағдырына болыстың.
Оның талай болдың қорған, панасы,
Кетсе қызып өмір-өлім таласы.
Жығылмады саған сүйеп маңдайын,
Қансыраса қайран елдің баласы.
Тостың үнсіз өрт-түтінге денеңді,
Оқ мүжіді ерке қайың, еменді.
Таусылмадың, тамырыңды нық сақтап,
Сүйдің біздей махаббатпен сен елді.
Сүйдің асыл топырағың - Русьті,
Сенен бұрын оқтың уын кім ішті?
Сұрқия жау табиғатты тонады,
Көрді ме жер одан өткен қылмысты?
Сонда елімнің шарт түйілген сертіндей,
Сен де берік сенім жинап, серпілмей.
Жанып келіп құшақтаса бір ұлың,
Бірге өртеніп кете бардың өкінбей.
О, дариға, ойшыл қария, орманым,
Ол күніңнің ойға батып шол бәрін.
Тұрдың-ау бір селдір шашың желбіреп,
Жара-жара оң қарың да, сол қарың!
Еске түссе тебіреніп кетем мен,
Сондай болар ұлы борыш өтелген.
Елестейді мықты шалы орыстың
Қайыспастан қасіретін көтерген.
Орман, орман!
Болмас, сірә, ол ұмыт,
Көңілімде толы қиял, толы үміт.
Сол денеңе, сом денеңе сүйеніп,
Тұрмын тағы мен сенімен жолығып.
...Ауа мөлдір, бір тыныштық айнала,
Сыбдырлайсың, сыңғырлайсың жай ғана.
Тұр төгіліп мейіріміңдей жемісің,
Сыртта сонау көсілді бай дала.
Бала ағаштар бауырыңа жарасқан,
Тас төбеңде кірбіңі жоқ ақ аспан.
Бәрі түгел - емен жігіт, қыз қайың,
Бой түзеген, бойлап көкпен таласқан.
Кенет тағы неге шулап жөнелдің,
Тебіренер болды қандай себебің?
Не деп кеттің, сөйлемек пе бір өмір,
Орман, орман!
Қайталашы, не дедің?!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 99
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .