Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Қазақ қызына) » ZHARAR © 2017 | ғафу қайырбеков Қазақ қызына өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Қазақ қызына




  • »

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Қазақ қызына)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Қазақ қызына) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Қазақ қызына) на казахском языке

Әрқашан алла атымен, иман, антпен,
Адамдық ар, абырой, инабатпен,
Ақындық жүрегіммен, қазақ қызы,
Сүйемін сүттен таза махаббатпен.
Сенде бір халық қалпы, ұлттың исі,
Қашанғы берекенің, құттың исі,
Сен бөлеп, сен тербеткен ақ бесіктен,
Сан сабаз, ер-азамат шықты кісі.
Батырлар елім "бар" деп, "үйім бар" деп,
"Отаным, от жағатын күйім бар" деп,
"Қайырлы қазаным бар, асым бар" деп,
"Сол асқа батагөйлер жиылар" деп,
"Ұрпағым, бауыр етім, балам бар" деп,
"Ақ жарым, ақ сүт берген анам бар" деп,
"Азанды қазақ деген атым бар" деп,
"Сол қазақ еркін жайлар далам бар" деп.
Қан кешсе үзеңгіден, жау қашырып,
Тоздырса, алпыс екі алмас ұрып,
Сен бар,- деп, қазақ қызы, саған сеніп,
Келді олар қанша ғасыр жалғастырып.
Орал сен, қазақ қызы, сол қалпыңа,
Ошаққа, босағаға болған тұлға,
Қашанда ерге серік, ерге қуат,
Орал сен, орда құты - сол салтыңа!
Бүгінгі елтең-селтең, қалтаң-құлтаң,
Шойқы етік, шолақ шашпау, қиқаң-сиқаң,
Жария жалаң балтыр, жалаңаш төс,
Мінезсіз, бейпіл ауыз, бұртаң-бұртаң.
Бағусыз, берекесіз, бейбастақтық,
Түбі сор, еш уақытта бермес бақыт.
Содан қаш, қазақ қызы, жан бауырым,
Кетеді ертең сені жер жастатып.
Орал сен, өз ұяңа, тал бесікке,
Оян сен, анаң салған әнді есіт те,
Ойлан сен, ойың азат мынау күнге
Өзгелер кешіксе де, сен кешікпе!
Өйткені сен ұйтқысы болашақтың,
Елдікке, кісілікке жол ашатын,
Сезімнің, ақ сенімнің сенде көзі,
Біздегі барлық ақыл, парасаттың.
Қозғал сен, сен қозғалсаң, ел қозғалар,
Намыстан сені көріп ер қозғалар,
Сәніңді, сәукелеңді көтер биік,
Кешегі жан сүйсініп, мың көз қарар.
Өзіңе бұл тілегім бір ақтарған,
Баяғы көңіліммен құлап қалған.
"Па, шіркін, қыз төресі - қазақта" деп,
Естіген қалмасыншы құлақта арман!
Адамға табиғаттың қосқан күшін,
Наурыздың ақ батасын қостау үшін,
Ұлыстың ұлы күні айтқан тілек
Алланың құлағына тез шалынсын!

5 наурыз, 1991 жыл


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 74
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .