Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Күз) » ZHARAR © 2017 | туманбай молдагалиев Күз стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев олендери создери, Күз




  • »

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Күз)

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Күз) казакша Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Күз) на казахском языке

Сап-сары күз соныменен келді ме,
Ағаштардан жапырақтар төгілді.
Несібесін жинап жатыр ел міне,
Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.
Жылы жаққа топ-топ болып түзеді бет
Жаз қызығын көрген біздің құстар да.
Алма ағашты күз желі бір сілкіп ет,
Өз келіп дәл алдыңа түсті алма.
Суық түсер, бізден жылы озар күн,
Түнге қарай жасырынар ай бұлттқа.
Қауын-қарбыз баяғыда-ақ базардың
Сөрелерін толтырып тұр байлыққа.
Суық та емес, ыстық та емес, рахат,
Жел де оншама байқатпайды екпінін.
Жүзім, өрік, мөлдіреген қарақат,
Бақша тұрмақ, базарда да жоқ бүгін.
Қолқабас қып әке менен шешеге,
Балалар да рахатқа батады.
Ал күн шыға олар толып көшеге,
Мектептерге кетіп бара жатады.


Санат: KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 6 397
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .