![]() |
|
![]() |
Мағжан Жұмабаев (Зуһра)

Зуһра деген қыз бала,
Беті - алма, жүзі - Ай,
Саусақтары күмістей,
Сүмбіл шаш, көзі - құралай.
Түн сайын көкке қарайды,
Ақырын үнсіз жылайды.
«Жарқырап жұлдыз болсам!»- деп,
Жалынып көктен сұрайды.
Көз жасын көк көреді,
Тілегін Тәңірім береді.
Бір түні ұйықтап жатқанда,
Періште көктен келеді.
Тыныш жатқан сәбиді
Оятуға қимайды.
Жұмсақ, жылы ақ алмас
Қанатпен жүзден сипайды.
Кез ашқанда Зуһра қыз
Болды сұлу бір жұлдыз.
Жарқырап нұрын төгіп тұр,
Төкпейді бірақ нұр күндіз.
Ғазиза, сен де, қарағым,
Жақсы оқып сабағың,
Сұлулыққа ұмтылып,
Тәңіріден тілеп, жас төгіп,
Сұра жалын - Зуһра бол!
Беті - алма, жүзі - Ай,
Саусақтары күмістей,
Сүмбіл шаш, көзі - құралай.
Түн сайын көкке қарайды,
Ақырын үнсіз жылайды.
«Жарқырап жұлдыз болсам!»- деп,
Жалынып көктен сұрайды.
Көз жасын көк көреді,
Тілегін Тәңірім береді.
Бір түні ұйықтап жатқанда,
Періште көктен келеді.
Тыныш жатқан сәбиді
Оятуға қимайды.
Жұмсақ, жылы ақ алмас
Қанатпен жүзден сипайды.
Кез ашқанда Зуһра қыз
Болды сұлу бір жұлдыз.
Жарқырап нұрын төгіп тұр,
Төкпейді бірақ нұр күндіз.
Ғазиза, сен де, қарағым,
Жақсы оқып сабағың,
Сұлулыққа ұмтылып,
Тәңіріден тілеп, жас төгіп,
Сұра жалын - Зуһра бол!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022
Ілмектер: мағжан жұмабаев Зуһра өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Зуһра