Қазақша өлең: Есет Қараұлы (Қас қара нар мен едім) » ZHARAR © 2016 | есет би Қас қара нар мен едім стихи олен өлең, Есет Қараұлы өлең , стихи на казахском языке есет би, Есет Қараұлы есет би олен өлең, есет би өлең қазақша




  • »

Қазақша өлең: Есет Қараұлы (Қас қара нар мен едім)

Қазақша өлең: Есет Қараұлы (Қас қара нар мен едім) казакша Қазақша өлең: Есет Қараұлы (Қас қара нар мен едім) на казахском языке

Тауға біткен қайыңның
Солқылдар басы жел өтсе.
Тоғайға біткен жоңышқа
Солғын тартар күн өтсе.
Ерні салпы ер аты
Семірмес қайта ер өтсе.
Еңкейіңкі тартады,
Ер қолынан мал кетсе.
Арбадан үркіп жаман ат,
Ер салдырмас жал бетсе.
Қайыры болмас ғаріпке,
Асылсызға мал бітсе.
Тәңірден тілеп алған ұлдарың
Тіл қайырар ер жетсе.
Хан бұрылып қараған,
Би бұрылып сұраған -
Ажары болмас арудың
Екі он бестен жасы өтсе.
Сылдырап белін шешінген,
Назданып аяқ көсілген -
Алғаныңа, жандарым,
Қадірің кетер күн болар
Ер қартайып, жас жетсе.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 622
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .