Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ауылдық кеңестің сайлауы) » ZHARAR © 2016 | сәбит мұқанов өлең Ауылдық кеңестің сайлауы олен сабит муканов стихи на казахском ,сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі , сәбит мұқановтың өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдер жинағы , сабит муканов стихи на казахском языке,




  • »

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ауылдық кеңестің сайлауы)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ауылдық кеңестің сайлауы) казакша Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ауылдық кеңестің сайлауы) на казахском языке

Қарашоқтың сауыры,
Әлдекеқнің ауылы
Жиылған жұртқа толып тұр.
Басқыш қылып шананы,
Қолында қағаз, қаламы,
Сөз сөйлеп біреу соғып тұр.
«Жолдастар!
Сайлау басталды,
Ескі әдеттер тасталды,
Кедейге теңдік берілді.
Бай, қуларға алданып,
Ескі жолды қолданып,
Кимеңдер ескі кебінді.
Ауылдық кеңес сайлаймыз,
Мүшеге кісі таңдаймыз,
Орташа, кедей батырақ
Мүшелікке сайлансын,
Бай, қу, молда құр қалсын,
Сайланған олар сатып ап.
Керексіз адам өтпесін,
Аулынай болып кетпесін,
Осы арасын қараңдар!
Түзейді олар ісіңді,
Ел қамын ойлар кісіңді,
Сайлаңдар да таңдаңдар!»
«Сөз бер!-деп Шоқпыт сіңбірді,-
Сағынбай бізді бүлдірді.
Сеніп оны сайлап ек.
Бар пайданы бай алды,
Кедей біткен құр қалды,
Кедейлерден болды әнтек».
Қарашұнақ күрілдеп -
«Мырзақымбет, былай кет!
Сайлауда қанша жұмысың!
Маған да салық салыңдар,
Ұялмай-ақ алыңдар,
Аулынайдың бұл ісін,-
Ұмытпаспын өлсем де,
Бұл сайлауда жеңсем бе!?
Ойнатармын таяқты!
Сайлаудан, байлар шығыңдар;
Қызылдан аулақ тұрыңдар!
Қарашы, түсін бояпты!»
Сөйледі Жамал шаңқылдап:
«Мырзажігіт жалпылдап,
Сүттен ақ боп сөйледі.
Толып жатыр айыбы,
Аулынай болып байыды,
Онысын неге көрмейді.
Законге жұртты үндейді,
Законді өзі білмейді,
Кеудесін ылғи қағады.
Біресе «аттың жалы» деп,
Біресе «кедей қамы» деп,
Күнде ақшаны алады.
Кеткенін қайда білмейсің,
Түк пайдасын көрмейсің,
Пайдасын өзі көреді.
Мырзажігіт сайланса,
Мөрді тағы қолға алса,
Кедейлер сорлап өледі!.».»
Жұртта айқай көбейді:
Бетің-жүзің демейді,
Айтып жатыр айыбын.
Орынынан тұрып ду,
Өз кісісін өтінді,
Қол көтермей отырды,
Бай, молда, қажы, қулары.
Түспеді кедей айлаға,
«Пұшық» мұрын қайнаға
Бастық болды кеңеске
Ішінен тынды, амал жоқ,
Қарсыласар заман жоқ,
Байлардың кегі қалды іште.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 688
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .