Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ит үреді, керуен көшеді) » ZHARAR © 2017 | сәбит мұқанов өлең олен сабит муканов стихи на казахском ,сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі , сәбит мұқановтың өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдер жинағы , сабит муканов стихи на казахском языке,




  • »

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ит үреді, керуен көшеді)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ит үреді, керуен көшеді) казакша Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Ит үреді, керуен көшеді) на казахском языке

(Ұлтшылдарға)

Қотаншы ит қой жағалап жүреді,
Өз қотанын шыр айналып үреді.
Шөптің басы әлдеқалай қозғалса,
Бұл дыбысқа ыза болып бүледі.
Көзі ұйқыда, көңлі ояу күйінде,
«Айтақ!» дейді жатып байлар үйінде.
«Осы төбет ырысым» деп бір аунап,
Қатынымен айналады күбірге.
Іңір өтіп, түн ортасы таянад,
Төбет қайда? Дыбысы жоқ жоғалад,
Тақымына басын тығып түн бойы,
Таң атарда және тағы оянад.
Ұйқы жеңген көзін жөнді ашпайды,
Сонда дағы барқ-барқ үре бастайды.
Бұл үрісі әлсіз үріс «ау... ау... ау...»
«Әй, мында кел» деген жерден аспайды.
Қой, сиырлар ол оянбай өреді,
Күн де шыққан, жердегі шық кебеді,
Шыққан күннің шұғыласына бөленіп,
Қызыл жалау керуендер келеді.
Дыбыс келді көзін ашты төбеті,
Керуенге жасамақ боп бөгетін,
Алдын баяу, артқы жағын үдетті,
Қожасы үйден тағы «айтақ!» деген соқ.
Жоқ, керуеннің ит үргенде жұмысы,
Иттің иттік істеп тұрған мұнысы,
Керуеннің итке жазған жазығы,
Ит ұйқыда, керуен ояу жүрісі.
Олар жолға шыққан кезде іңірде,
Түнде жүрген, көп кездескен кідірме,
Түскен тұман, батқан ай да адаспай,
Таңға әкелген өзін және жүгін де.
Алдында әлі көп төбетті ауыл бар,
Алдында әлі талай асу-адыр бар,
Асу, төбет - бәрін басып өткенде,
Керуеннің мезгілі сол дамылдар.
Керуендер келді міне ауылға,
Қошеметпен қарсы алды оны ауыл да.
Қатарласты, алды ауылдан асты да,
Қандай бөгет болады айқын дабылға.
Шабалауын төбет-тағы үдетті,
Не керек құр үдетуі, тек өтті,
Барқ-барқ үрді, даусы дағы қарлықты,
Керуендер озып талай жер кетті!
Үре-үре иттің үні өшеді,
Үргеніне мәз болып ол «өседі».
Оның ойы - иесіне жағынбақ,
Ит үреді, керуендер көшеді.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 669
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .