Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Көшу) » ZHARAR © 2016 | сұлтанмахмұт торайғыров Көшу өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, Көшу




  • »

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Көшу)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Көшу) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Көшу) на казахском языке

Елжіреп қардың көңілі өкпек желге,
Жер жібіп және тойып аққан селге,
Күн сайын күн күркіреп, көк дүркіреп,
«Көш!» - дейді қыстай сасып жатқан елге.
Ел сонда жемек болды көштің қамын,
«Керек, - деп, - келесі жыл және шабын».
Дөңгелекті ескі арыспен қора бөлген,
Қима быт - быт қарасам арба жағын.
Нашарлар көлік үшін жүріп қойған,
Кемітіп ақысына бір - бір қойдан,
Қазірде жұрттың бәрі аласапыран,
Шықса да ұлан қыстай көшу ойдан.
Қоймасын тастай салды көңмен жауып,
Жүк жеңіл болуының ебін тауып.
Бел жіп, үзік, ашамай салқам - салқам,
Су құяр арбасына ауық - ауық.
Қыстайғы малдың қиы, қора сасық,
Қалпында тазартылмай қалды сасып,
Ілдебаймен «көш жүре түзелер» деп,
Қорадан көшті қазақ жабырласып.
Күн ыстық, барлық сиыр арба салған.
Адасып бұзаулары кейін қалған,
Арбалар бірі менен бірі соғып,
Сиырды сәйгелекең алдына алған.
Сиыр қайтып соқпасын сәйгел күшті,
Қисайған қоңыр қима аспанға ұшты.
Жас төлдер енесінің соңына ерген,
Түбінде тобылғының қала берген.
Кейбірін көш - жөнекей байы сабап,
Шаңқылдап қатындар да әрбір жерден.
Ат, түйе кетті жылжып жайыменен,
Жүгіртіп балалар жүр тайыменен.
Үстінде арбалы аттың кейбір жаяу,
Жалғасқан кедейлер жүр байыменен.
Болғанда түйдек - түйдек жолдың шаңы,
Сарсытар құлағыңды арба маңы.
Ит ұлып, сиыр мөңіреп, бота боздап,
Қонғанда арба шиқ - шиқ айқай даңы.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 677
Рейтинг:
(голосов: 5)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, сұлтанмахмұт торайғыров өлең Көшу олен стихи султанмахмут торайгыров, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, сұлтанмахмұт торайғыров Көшу өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, султанмахмут торайгыров олендери, Көшу, сұлтанмахмұт торайғыров өлең Көшу олен стихи султанмахмут торайгыров, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, султанмахмут торайгыров стихи на казахском, Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Көшу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

. .