Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)

 Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)

Қазақ едім, надан едім, тар едім,
Тендікке де, бостандыққа зар едім.
Компартия қанат бердің, әл бердің,
Тек кеуде де шыбыны бар жан едім.
Қырық жылымда талай астым қырқадан,
Өмір кештім көк дауылдай бұрқаған,
Күрестер мен жеңістерден өткіздің
Естіді әлем дауысымды ән шырқаған.
Завод қаптап, колхоз, совхоз гүлденді,
Қырық жыл бойы қазақ елі түрленді,
Даңқы кетті көтеріліп аспанға
Тап-тамаша бүкіл дүние білді енді.
Ақындардан, артистерден, күйшіден,
Оқымысты қазақтардан, бәрінен,
Республика жастарынан, кәріден—
Алғыс саған: әкем, анам өзімнің,
Қарашығы, нұр жарығы көзімнің,
Алғыс, алғыс мерекелі күнімде,
Партия аты жүрегімде, тілімде.
Жасы мәңгі, жаса жүздер, мыңдарды,
Атта алдағы биіктерді, шыңдарды,
Жер жүзінде сүйіспендік орнасын,
«Соғыс» деген індет мүлде болмасын!
Ұлы еңбекпен белестерден өтейік,
Коммунизм күніне тез жетейік.
Аспандағы айға да жол ашайық,
Бар әлемге көктен гүлдер шашайық.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?