» » » Өлең: Жұмағали Саин (Кесте)

Өлең: Жұмағали Саин (Кесте)

Өлең: Жұмағали Саин (Кесте) казакша Өлең: Жұмағали Саин (Кесте) на казахском языке
Алда ақ бәтес, айшықтаған
Қаста жібек, қолда біз.
Өте сұлу тігіп кесте..
Отыр екен бір жас қыз.
Көргім келіп қыз кестесін
Жақындадым жанына,
Арнап шегіп отыр ма деп
Сәулесіне — жарына.
Жапырағын төгілдіріп
Ою ойып шырматып,
Кімге асығыс тіктің, шырақ,
Тыным таппай, түн қатып?
— Қошқар мүйіз кестем түрін
Қолтырмаштап, мәнерлеп.
Төктім сырлы, сәулетті етіп
Сәнді шимай, сан өрнек.
Үшкіл тарттым, қиыстырдым,
Айшықтарын, топтарын.
Гүлдер септім, безендірдім
Әшекейін, шоқтарын.
Күміс жіппен жарқыраған
Қондырдым күн кестеме,
Махаббатым елге арнаған,
Кестеде, осы кестеде.
Тереземнен төнген айды,
Шоқ етейін қадайын,
Бақшада өскен алмаларды
Алқа етейін, тағайын...
Балға - ораққа орайыншы
Бидайымның бастарын,
Жарқыратып төгейінші,
Брильянттың тастарын.
Кестем осы, шетіндегі
Шоғырланып өскен мал,
Бердім сізге тартуымды,
Астанаға алып бар!
Қош деп, маған қолын берді,
Тапсырды өзі кестесін.
Колхоз қызы қарындасым,
Ұмытпаспын — естісең.

nurgul95 | 44 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
Өлең: Жұмағали Саин (Менменге)
Өлең: Жұмағали Саин (Менменге)
Өлең: Жұмағали Саин (Біз еркесі өмірдің)
Өлең: Жұмағали Саин (Біз еркесі өмірдің)
Өлең: Жұмағали Саин (Көкшетау)
Өлең: Жұмағали Саин (Көкшетау)
Өлең: Жұмағали Саин (Жаз еді)
Өлең: Жұмағали Саин (Жаз еді)
Өлең: Жұмағали Саин (Пилот қызға)
Өлең: Жұмағали Саин (Пилот қызға)
Өлең: Жұмағали Саин (Арнау)
Өлең: Жұмағали Саин (Арнау)
Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Түн мен күн)
Өлең: Жұмағали Саин (Түн мен күн)
Өлең: Жұмағали Саин (Ант)
Өлең: Жұмағали Саин (Ант)
Өлең: Жұмағали Саин (Кім болам)
Өлең: Жұмағали Саин (Кім болам)
Өлең: Жұмағали Саин (Май сипаттары)
Өлең: Жұмағали Саин (Май сипаттары)
Өлең: Жұмағали Саин (Түнде)
Өлең: Жұмағали Саин (Түнде)
Өлең: Жұмағали Саин (Саған, ана!)
Өлең: Жұмағали Саин (Саған, ана!)
Өлең: Жұмағали Саин (Бір сұлуға)
Өлең: Жұмағали Саин (Бір сұлуға)
Қазақша өлең: Жұмағали Саин (Дауыс)
Қазақша өлең: Жұмағали Саин (Дауыс)
Өлең: Жұмағали Саин («Колхоз жолына»)
Өлең: Жұмағали Саин («Колхоз жолына»)

KZ / Өлеңдер жинағы, жұмағали саин сайын Кесте өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Кесте, жұмағали саин сайын Кесте өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы жумагали саин стихи на казахском языке жумагали саин олендери шыгармашылыгы Кесте, Өлең: Жұмағали Саин (Кесте) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке