Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жүдеу жүрек) » ZHARAR © 2017 | ілияс жансүгіров Жүдеу жүрек олен өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать




  • »

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жүдеу жүрек)

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жүдеу жүрек) казакша Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жүдеу жүрек) на казахском языке

Былапыт,
Ылат,
Былжыр күз.
Тұнжыр қабақ ,
Қылжыр көз.
Қыр қызықсыз,
Тау түрсіз.
Су сұрықсыз,
Сүйкімсіз.
Жылауық көз -
Сылбыр күз.
Көріксіз,
Әрсіз,
Ажарсыз.
Сілбірең
Тұман,
Көңілсіз,
Жауын
Айсыз,
Жұлдызсыз.
Түн,
Түнек
Түтін...
Үй жалғыз.
Отын дым,
От бықсиды.
Үрлейді қатын,
Сықсиды.
Қайнамай қазан,
Түксиді,
Мұкаш
Бүкшиді.
Ірге күңгірт
Көлеңке.
Бұрылды солай
Шүй желке.
Көрдей күңгірт
Үңгірде
Жатыр төсек,
Кір көрпе.
Кеше ғана үйге енген
Кеткен тоқал сүйгенмен.
Жүрегі сыздап,
Бой мұздап,
- Үһ! - деді
Іші күйгеннен.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 479
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .