Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Пенделік) » ZHARAR © 2016 | мұқағали мақатаев Пенделік мукагали макатаев олен өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы,




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Пенделік)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Пенделік) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Пенделік) на казахском языке

Арылайын десем де пенделіктен,
Арылатын болмадым - ол неліктен?
Жүгіріп те көрдім ғой, жығылып та,
Ұрынып та жүрмін ғой, бұғынып та.
Жаныма өгей жасанды қылығымен
Жағынып та көрдім ғой, жұғынып та...

Жауыма да жатсың деп айта алмадым,
Бала қаздай алдында байпандадым.
Талай-талай сөзімнің әкесі өліп,
Талай сөздің кезегін қайтармадым.

Жақсылық та етпедім адамға көп,
Жамандығын айтпадым жаманға кеп.
Пенделіктің іргесін қалай бердім,
Капелімде құлатып алам ба деп.

Ашу да айтып көрмедім, басу да айтып,
Ақиқатын, шындығын жасырмайтын.
Ақыл сұрар адамды таба алмадым
Пенделіктің алдында бас ұрмайтын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 7 292
Рейтинг:
(голосов: 6)

.

. .