» » » Өлең: Ілияс Жансүгіров (Баласынан анасына хат)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Баласынан анасына хат)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Баласынан анасына хат) казакша Өлең: Ілияс Жансүгіров (Баласынан анасына хат) на казахском языке
Қорғаным, анам, қамқорым,
Қолыңа тисе осы хат.
Құлының жазды қолынан,
Қуан да хатқа қыл қуат.
Хатты оқыт, сергіт көңіліңді,
Қарғашың аман қазадан.
Көйлегім көк, қарным тоқ,
Мінеки хатты жаза алам.
Есімде, анам, есімде,
Есімнен сөзің қала ма?
Жолаушыменен жөнелтіп,
«Оқысын» деген қалаға.
Сонан бері міне үш жаз,
Бетімнен сүйіп қалғанға.
Өзім жазбай, жаздырып,
Ұялдым хат салғанға.
Түйеміз желе түн қата,
Қалаға жеттік сол күні.
Жатсынбай жайымды айтып ем,
Алды оқудың бөлімі.
Жиылған мұнда жан- жақтан,
Гүл шешектей көп бала.
Оқимыз да ойнаймыз,
Жуынамыз моншада.
Оқыдым оқу құралын.
Айырдым есеп анығын.
Таңбасын танып, хат сызып,
Қағаздан қара таныдым.
Пионер болып жазылдым,
Мойнымда қызыл мойынтақ.
Бізде жиын, жиналыс,
Жақында ойын қойылмақ.
Қатарлап қаздай тізіліп,
«Дайын бол!» - дейді үйретіп.
«Дайынбыз!» - дейміз дауыспен,
Дәу үйдің залын күңірентіп.
Ленин деген басшымыз
Бастапты да өтіпті.
«Жалшы, жетім жетілсін»,
Дегенді айтып кетіпті.
Патшаны, байды құлатып,
Кеңесті жасап қайтыпты.
«Кеңеске кедей оқыт», - деп,
Көбірек осыны айтыпты.
Төңкеріс - Ленин сол екен,
Жеткізген бізді бұл күйге.
Әйтпесе бұл күй болмағы
Екіталай сұм дүние.
Қанатың Ленин жолында,
Қарғанды десең қайда жүр.
Апатай, басшымды ұмытпа,
Апатай, Ленинді айта жүр.
Қош, анам, сүйдім қолыңнан,
Қуансын деп жаздым хат.
Қуансаң қуан, анашым,
Болатын болдым қолғанат

Автор: nurgul95 | 153 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Мейірбанның өтірігі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Мейірбанның өтірігі)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Аттанған азамат)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Аттанған азамат)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Нұр алғаны сол шығар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Нұр алғаны сол шығар)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Өмір бекер өтіпті)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Өмір бекер өтіпті)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Кеңес)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Кеңес)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Хат)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Хат)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)
Өлең: Мағжан Жұмабаев (Жау жеңді берік қамады)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мағжан Жұмабаев (Жау жеңді берік қамады)
Тақпақ: Менің Анам
Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Менің Анам
Шығарма: Аяулы анам
Шығармалар жинағы
Шығарма: Аяулы анам
Шығарма: Аяулы анашым
Шығармалар жинағы
Шығарма: Аяулы анашым
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Ақ сұнқарым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Ақ сұнқарым)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Анам тілі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Анам тілі)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Бұлт)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Бұлт)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жауын)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жауын)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Оқимын)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Оқимын)

KZ / Өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіров Баласынан анасына хат өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Баласынан анасына хат, ілияс жансүгіров Баласынан анасына хат өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша ілияс жансүгіров өлеңдері илияс жансугиров олендери илияс жансугиров стихи на казахском Баласынан анасына хат, Өлең: Ілияс Жансүгіров (Баласынан анасына хат) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке