» » » Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасу)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасу)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасу) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасу) на казахском языке
Қыз Жібектің соңғы сөзі
Қайран дүние, кең едің маған,
сен неге бүгін тар болдың?
Қасірет шегіп, кешегі мөлдір күлкіме де мен
зар болдым.
Аңсаумен жүрген асқар тауым менің құлады,
құрғады мәңгі сылдырап аққан бұлағы.
Сұңқарым едің, Төлеген, қияға қанат сермеген,
мен Атыраудың ақ маралы болғанда,
сен қырағы мерген ең.
Қос қанатым менің қапылыста қалды-ау қиылып,
орыныңды немен теңгерем?!
Жанарыңа көзім түскенде, мен қорғасын болып
балқыдым,
ақ денемді өрт қылып, от-жалыныңмен
шарпыдың.
Асқақтай басып бас имеуші едім, жігіт біткенді
дал қылып,
ақыры мынау адыра қалған көркімнің
құрбаны болдым, алтыным!
Мен Атыраудың көлеңкеде өскен гүлі едім,
сен нұр-шапақ құйып алаулап түрған күн едің!
Қапыда мерт боп, түңғиыққа сен құладың.
Қатыгез тағдыр, қырықтың бүгін Жібектің
қыршын тілегін.
Дарқан дүние, қызығыңды маған қимадың,
несіне бердің сорыма біткен хор қызының мынау
дидарын?
Мен өмірдің ләззатын сүйген балауса нәзік гүл
едім,
қимайтының бар, семсерді неге сыйладың?!
Айналайын Ақжайық!
Сұлулық тұнған ақ төсіңнен сенің
ақ маржан болып жаралдым,
аққуың болып тарандым.
Сен ерке толқындарыңның күмістей үнін маған
ұсындың,
бар сұлулықты енші етіп, қияларға мені
ұшырдың!
Мен осынау елімнің
мәпелеген мақтанышымын.
Айдыныңды сенің айна қып әркез
ақша бетімді қараушы ем,
сен Атыраудың ақ еркесі болғанда,
мен - жағалауыңда жайқалып өскен балауса ем.
Туған жердің төсінде сарқылмас махаббатындай
сылдырап аққан бұлағым,
мақтаныш едің маған сен.
Арманымдай менің мөлдірсің өзің қашаннан,
мен жұрт айтып жүрген хор қызы
сынды болсам да,
сұлулығыңнан сенің аса алман.
Әділетсіз мынау дүниеден енді алаулап күйіп
барамын
тұңғиығыңды құшсам, жанымның өртін басар ма?!
Қартаюды білмес толқындар сенде жасайды-ау,
шіркін, мәңгілік!
Жібектің зарын болашақтарға жеткізгейсіңдер
ән қылып.
Қош, елім, қош бол, қазақтың байтақ өлкесі,
қиянат қысқан заманнан мынау мен кетіп барам
сор кешіп.
Ақжайықтай асыл анамның төсін құшайын,
Төлеген сүйген денемді менің қалмасын
қара жер тесіп.
Қош!

Автор: nurgul95 | 239 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен саған ғашық емес ем)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен саған ғашық емес ем)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Өз-өзімнен өртеніп барам жанып)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Өз-өзімнен өртеніп барам жанып)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Үмбеталы дүние салғанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Үмбеталы дүние салғанда)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Абайды іздеу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Абайды іздеу)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен онымен қай кезде көрісемін)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен онымен қай кезде көрісемін)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасу)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мынау қолым, басым мынау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мынау қолым, басым мынау)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сүйген - сұлу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сүйген - сұлу)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ананың тілегі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ананың тілегі)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанымда жүрші)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанымда жүрші)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен үшін сонау алыстардағы елес ем)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Сен үшін сонау алыстардағы елес ем)
Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Сен - шынар ағаш басы едің....)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Сен - шынар ағаш басы едің....)
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин («Қош!» дедің неге?)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин («Қош!» дедің неге?)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасарда)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасарда)
Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Махаббат! Неткен алып, қайратты едің)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Махаббат! Неткен алып, қайратты едің)

KZ / Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Қоштасу өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Қоштасу, фариза оңғарсынова Қоштасу өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша фариза оңғарсынова өлеңдері фариза онгарсынова олендери фариза онгарсынова стихи на казахском Қоштасу, Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоштасу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке