» » » Өлең: Мұхтар Шаханов (Арал қасіреті)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Арал қасіреті)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Арал қасіреті) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Арал қасіреті) на казахском языке
Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға,
Тау толқын төсіңде тербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемнің дүркіреп ұшты ма көзден?

Қайырмасы:
Сенемін саған,
Тұрғанда аман
Адамдық күші, ой күші.
Аралым менің,
Жанарым менің,
Халқымның ұлы қайғысы.

Бұл өлке қалайша болады азап түнегі,
Ежелгі мұң-зарың аз ба еді, қазақтың елі?
Қайтемін, Аралым, бүгінде қалды сүлдерің,
Төзімі еліне ұқсаған көнбісім менің.

Аралым, күн туды басыңа дүрбелең - керең,
Кім ұқпақ, шалды, анау өзіңмен бірге өлем деген.
Безбүйрек ғасырың қағады қанатын үнсіз,
Бір жылда екі ұлын жоғалтқан ана тұр тілсіз

Автор: nurgul95 | 174 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұхтар шаханов Арал қасіреті өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Арал қасіреті, мұхтар шаханов Арал қасіреті өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша мұхтар шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери мухтар шаханов стихи на казахском Арал қасіреті, Өлең: Мұхтар Шаханов (Арал қасіреті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке