» » » Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылды бірінші көргенім)

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылды бірінші көргенім)

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылды бірінші көргенім) казакша Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылды бірінші көргенім) на казахском языке
Бірінші аттанғанда алыс жолға,
Алыппын жұлдызымды сәтті оңға.
Еркебай ертіп барып қырғыз жаққа,
Босатқан боз торғайды түскен торға.
Кедейлер көшіп жүрген зар заманда,
Өрісі ақындардың тар заманда,
Сұлудың күппен кезіп жасыратын
Бай-манап, би-болыстар бар заманда,
Сол тойға ат жетер жер бәрі барған,
Тай ақын, тарлан боздай кәрі барған.
Ол кезде түбіт иек Кенен едім,
Өнердің ақындығы дарып алған.
Жамбыл да осы тойға келген екен,
Жел сөзге айтудағы мерген екен,
Зар болып бір көруге жүргенімде
Тәңірім тілеуімді берген екен.
Кісі екен алпыс жасты алқымдаған,
Салдықтың самалымен салқындаған,
Домбыра ап, төңірекке қарағанда
От болып екі көзі жарқылдаған.
Ауызда айтар сөзі іркілмеген,
Ақынның дер шағы екен бұл күн деген.
Ақырып, домбыраны сабағанда,
Шіркіннің екі иығы бүлкілдеген.
Шабытын айғай салып шақырарда,
Адамдай езу тартып бір күлмеген,
Сөйлесе досын мақтап, қасын даттап,
Нөсердей дүркін – дүркін - дүркіндеген.
Бір жырды ақбоз үйде төгіп салды
Ағайын қазақ, қырғыз жұртым деген.
Қызықса қияғынан мұртын жеген...
Дулатып қаумалаған халайықты,
Түк емес сөйлеп кетсе бір түн деген.
Ақында алынбаған батам барып
Білсем де,
ә дегенде бата алмадым.
Жаюлы дарқан жатқан дастарқанның
Еркіндеп дәмін сірә тата алмадым.
Еркебай бері кел деп шақырғанша,
Аузында өзге жұрттың аталмадым.
Көрдім мен ертеңіне Жамбыл ақын
Сыйлыққа ақ жабулы ат алғанын.
Көргенде мына - сынды кәрі бозды,
Ақынсып жүргендердің бәрі безді.
Жеті күн желіккенде қайран ақын
Қайда да қалың топты жарып озды.
Мен тұрдым әрі ойланып, бері ойланып,
Кете алмай тентек қойдай шыр айналып.
Тәуекел, барайын деп белді будым,
Сөз басып енді Кенен құрайды анық...
Халықпен қаумалаған араластым,
Жақындап бірте-бірте қадам бастым.
Әдеппен алдына кеп тізе бүгіп,
Қолымды төске қойып салмақтастым.
Көнерген өлеңіммен енді қазір
Сондағы сүгіретін сала алмаспын.
Алды да сәлемімді, қарап тұрып,
Жылы жүз, ықыласпен мойын бұрып: —
Қарағым,
қай баласың? — дегеннен-ақ,
Тастады аш құмарды тойындырып.
Мен айттым баламын деп ашылмаған,
Тастағы жауқазындай аршылмаған.
Дулаттың бір атасы Қасқараудан,
Өлеңге бай болса да,
барсынбаған.
Кебекбай, Ноғайбайды айтып бердім
Күліктей топтан озып аршындаған,
Өмірде өлең қуып жүрмін дедім, —
Алмаймын ақ орданы алтындаған.
Ж а м б ы л:
Кешегі анау боз үйден
Шыққан дауыс сен бе едің?
Бөдене мен тұрымтай
Бұққан дауыс сен бе едің?
Бүркіт болсаң боларсың,
Үлкен екен шеңгелің.
«Кенен - Кенен» деп жүр ғой елдің бәрі, —
Осы тойға жиналған жас пен кәрі.
Сәлем берсең, қарағым, сәлемет бол,
Бабалардың балаға көшкен нәрі...
Ақындық, Ораздан да үзілмеген,
Сарбас,
Әлмен бар ма еді біз білмеген?
«Бабаның батасынан» деген нақыл,
Жас жүйрікті жарамас тізгіндеген.
Құдай сені сақтасын кесірінен,
Жар бағатын жапалақ,
құзғын деген.
Досың болсын Алатау аспанында,
Қырап құстай шырқаған қызғынды өлең...
Бұдан соң ақпап менен аптап ыстық
Кезінде қыс табыстық, жаз табыстық.
Айтыстың неше түрлі аңыздарын
Екеуміз талай жерге тастап ұштық.
Жарлының құрметіне құлдық айтып,
Байлардың сараңымен аз таныстық.
Дұшпанмен неше түрлі жағаласып,
Жар сүйдік, қанды көйлек дос та құштық.
Қырғыздың қысырының тайын жедік,
Балқаштың жағасынан жайын жедік,
Қанып ап Хан - Тағының қымызынан,
Кегеннің кенесінің майын жедік.
Жер дауын, жесір дауын көргендіктен,
Бәріне қосып соның уәйім жедік.
Жұбатып жұт жылдары жұртымызды,
Нағашы, жиен дедік, қайып дедік

Автор: nurgul95 | 91 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Кенен Әзірбаев (Соңғы сөз)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Соңғы сөз)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылды қонаққа шақыру)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылды қонаққа шақыру)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Сол тойда қырғыз жыршыларының айтқаны)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Сол тойда қырғыз жыршыларының айтқаны)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл тойы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл тойы)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Той басталды)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Той басталды)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Патшаның тойында)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Патшаның тойында)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылдың бала кезі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылдың бала кезі)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл-жыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл-жыр)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Беташары айтыстың)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Беташары айтыстың)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл мен Кенен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл мен Кенен)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Кенен мен Шашубайдың соңғы кездесуі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Кенен мен Шашубайдың соңғы кездесуі)
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Туған жер)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Туған жер)
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Базар-назар)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Базар-назар)
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Бозторғай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Бозторғай)
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Менің ұстаздарым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Менің ұстаздарым)
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Балуан Шолақпен кездескенде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Балуан Шолақпен кездескенде)

KZ / Өлеңдер жинағы, кенен әзірбаев Жамбылды бірінші көргенім өлең стихи на казахском кенен азирбаев олен казакша, кенен әзірбаев өлеңдері, кенен азирбаев олендери, кенен азирбаев стихи на казахском, Жамбылды бірінші көргенім, кенен әзірбаев Жамбылды бірінші көргенім өлең стихи на казахском кенен азирбаев олен казакша кенен әзірбаев өлеңдері кенен азирбаев олендери кенен азирбаев стихи на казахском Жамбылды бірінші көргенім, Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбылды бірінші көргенім) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке