» » » Өлең: Абай Құнанбаев (Жарлы бай)

Өлең: Абай Құнанбаев (Жарлы бай)

Өлең: Абай Құнанбаев (Жарлы бай) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Жарлы бай) на казахском языке
Жаман үйде жалғыз шал,
Өзі — кедей, күңіренді.
Өзі көрген байлардың
Мінезінен жиренді.
Өзіне-өзі сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
„Обал жоқ осы байларға
Мал қызығын көрмеген.
Жақсы төсек, тәтті ас жоқ,
Жан қадірін білмеген.
Салпыл қақты, түн қатты,
„Мал-мал!" деді, мал тапты.
Байыған сайын күтім жоқ,
Пейілі кетті, ант атты.
Қартайғанша қақақтап,
Бұл тәңірі атқан талмай ма?
Иттеніп жүріп өлмей ме,
Өлсе, бәрі қалмай ма?
Маған бітсе осы мал,
Жанымды неге қыстар ем?
Мың теңгені бір сомдай
Қызығыма ұстар ем.
Сән-салтанат жүруім
Болар еді татымды.
Есітер еді алыс жер
Қызықты жомарт атымды.
Байлықпен пайдам тигізіп,
Сыйлар ем алыс-жақынды.
„Сараңның — дәулет — өз соры",
Деп айтыпты ақылды.
Аузын жимай бір адам
Кіріп келді тесіктен,—
Жәдігөй ме, шайтан ба?—
Әйтеуір әлгі сөзді есіткен.
Келе сала сөйлейді:
—Байлықты керек қылдың сен.
Қылайын деген ісіңді
Мен есіттім байлықпен.
Сен мына бір ішінде
Ділдәсі бар дорбаны ал!
Бірін алсаң және бір
Ділдә дайын, қолың сал.
Санап ала бер дағы,
Дегеніңдей бола қал.
Қанша керек болса да,
Міне дәулет, міне мал.
Бірақ, байғұс, айтайын
Мұның бір сертін, қатты антын:
"Дорба қолда тұрғанда,
Ұстауға жоқ бір алтын.
Дорбаны әуел дарияға ат,
Тойғаныңша ал дағы.
Онан соң өзің білесің,
Ұстай бер қайтып бар дағы".
Дорбаны беріп, жоғалды,
Аң-таң қылып байғұсты.
Есін жиып алған соң,
Дорбаға кедей жабысты.
Айтқанындай дорбаға
Қолын салды, бірді алды.
Және бірі дап-дайын,
Есі шығып таң қалды.
"Таң атқанша осылай
Бере берсе бұл дорба,
Талай алтын жиям ғой,
Ертең менен бай бар ма?"
Қалбалақтап түн бойы,
Алып бақты бұл сорлы.
Қанша алтын алса да,
Тоя алмады ол ғұрлы.
Қарайды да алтынға,
Қомсынады "аз ғой",— деп,
"Қыстау керек, үй керек,
Сән-салтанат, расход көп.
Азар болса аштыққа
Тағы бір күн шыдармын.
Алтын ассын есептен,
Содан кейін армансыз
Қыл дегенін қылармын".
Үйіндегі бір нанды
Бір ай жеді аз-аздан.
Бір күн түгіл, бір айды
Ынсап қылмай ол жазған.
Дорбаны суға салғалы
Дарияға таман жүз барған.
"Бүгінше тұрсын, өлмен",— деп,
Үйіне қайта апарған.
Дорбаны сауып тыныштықсыз
Бір ай түгіл, жыл өтті.
Алтындай жүзі сарғайды,
Қол дірілдеп, әл кетті.
Ассыз, сусыз, дерт жеңіп,
Өзі де әбден жүдепті.
Тоғыз миллион санарда
Ажал жетті, күн бітті.
Алтын қайда, сөз қайда?!
Қу нәпсіден не пайда?

Автор: nurgul95 | 920 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Мақал - мәтел: Жомарттық пен сараңдық
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Жомарттық пен сараңдық
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жарлы бай)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жарлы бай)
Өлең: Абай Құнанбаев (Шайтан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Шайтан)
Өлең: Абай Құнанбаев (Татьяна сөзі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Татьяна сөзі)
Өлең: Абай Құнанбаев (Не іздейсің көңілім не іздейсің?)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Не іздейсің көңілім не іздейсің?)
Өлең: Абай Құнанбаев (Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақсақ құлан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақсақ құлан)
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Ағайын жат болады, алыс болса)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Ағайын жат болады, алыс болса)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Көшпелі болған жұрттың шаруасы...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Көшпелі болған жұрттың шаруасы...)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Шәріпке)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Шәріпке)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Разаққа)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Разаққа)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім, нені сезесің)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім, нені сезесің)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жалын мен оттан жаралып)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жалын мен оттан жаралып)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?)

KZ / Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Жарлы бай өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Жарлы бай, абай құнанбаев Жарлы бай өлең олен абай кунанбаев казакша олен абай кунанбаев абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері Жарлы бай, Өлең: Абай Құнанбаев (Жарлы бай) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке