Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Аянатқа) » ZHARAR © 2017 | қалқаман сарин Аянатқа өлең , қалқаман сарин өлеңдер жинағы , қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша,қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин,




  • »

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Аянатқа)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Аянатқа) казакша Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Аянатқа) на казахском языке

Қызым менің, қызығым, Аянашым!
Анаң сенің жүзіңді аяласын.
Таң нұрымен таранып еркем ертең,
Күн нұрымен бойжетіп боянасың.

Қызым келді өмірге, көз қуаныш
Қуаныштан қиялды кездім алыс.
Мәпелеген ботам-ау, бір мен үшін,
«Әке» деген ардақты сөз жұбаныш.

Бірегейі сен едің көп үміттің,
Ниет қылып Алладан сені күттім.
Менен асқан бақытты жан бар ма екен
Құшағымда тұрғандай көрініп Күн.

Жұдырықтай жүректің бөлшегісің,
Анаң барда асқақсың, еңселісің.
Өмірімнің жалғасы – ерке құсым,
Өлең жазам өлмейтін мен сен үшін!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 3 009
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .