Қазақша өлең: Сенуге болмайды ешкімге

Қазақша өлең: Сенуге болмайды ешкімге казакша Қазақша өлең: Сенуге болмайды ешкімге на казахском языке

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.

Жалғанның бір тұтам құйрығы,
Шындықтың шынайы сый-құны.
Алланың ақ жолы ақиқат
Пенденің өзгерер пиғылы.

Біреулер ісіңе құмартып,
Біреулер жатады мін артып.
Орынсыз өтірік мақтаудан
Орынды айтылған сын артық.

Ақкөңіл адал дос қайдасың?
Ескертіп қоятын айласын.
Жалықтым жасанды жандардан
Ойлайтын басының пайдасын.

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.

Жәнібек Салқынбек




KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, Сенуге, Қамшының, күнде, Алданба, ғажайып, кескінге, болады, өзіңе, болмайды, ешкімге, сабындай, Шындықтың, Біреулер, шынайы, құйрығы, тұтам, Жалғанның, артық, Жәнібек, пайдасын, Сенуге Қамшының күнде Алданба ғажайып кескінге болады өзіңе болмайды ешкімге сабындай Шындықтың Біреулер шынайы құйрығы тұтам Жалғанның артық Жәнібек пайдасын, Қазақша өлең: Сенуге болмайды ешкімге қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке