» » » Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман) на казахском языке
Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп, көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.
Бай алады кезінде көп берем деп,
Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп.
Би мен болыс алады күшін сатып,
Мен қазақтан кегіңді әпперем деп.
Жарлы алады қызметпен өткерем деп,
Елубасы шар салып1, леп берем деп.
Жалаңқая жат мінез жау алады,
Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп.
Дос алады бермесең бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға серт берем деп,
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырық берем деп.

Сұм-сұрқия - сұмдықпен еп берем деп,
Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп.
Жүз қараға екі жүз аларман бар,
Бас қатар бас-аяғын тексерем деп.
Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,
Ет берсем, сен мендік бол деп берем деп.
Қара қарға сықылды шуласар жұрт,
Кім көп берсе, мен соған серт берем деп.
Бұзыларда ойламас бет көрем деп,
Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.
Қабағын итше өшігіп шыға келер,
Мен қапсам, бір жеріңді бөксерем деп.
Орыс айтты өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп.
Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,
Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп.
Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.

Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен,
Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп?
Атаны бала аңдиды, ағаны - іні,
Ит қорлық немене екен сүйткен күні?
Арын сатқан мал үшін антұрғанның
Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.
Алыс-жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып.
Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар,
Паруардигәр жаратқан несін жан қып!
Ант ішін күнде берген жаны құрсын,
Арын сатып тіленген малы құрысын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.
Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір,
Өз үйінде шертиген паңы құрсын.


1 - Елу үйдің атынан сайланған елубасылар кішкене тасты (шарды) екі ұялы жәшікке салу арқылы болысты сайлауға дауыстарын беретін болған. Оны жұрт сол кезде «шар салу» деп атаған.

Автор: ZHARAR | 9 256 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Абдрахман Асылбек (Әдептілік әліппесі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абдрахман Асылбек (Әдептілік әліппесі)
Өлең: Ойым кетті шашырап...
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ойым кетті шашырап...
Өлең: Қадыр Мырза Али (Өзіңді тану — өзгені тану)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Өзіңді тану — өзгені тану)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бөпем)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бөпем)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем берем Москваға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем берем Москваға)
Тақпақ: Әдептілік, тәрбие, иба, ибадат, инабат, тағзым, ізет
Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Әдептілік, тәрбие, иба, ибадат, инабат, тағзым, ізет
Қазақша анекдот: Бес мың теңге
Анекдоттар мен әзілдер жинағы
Қазақша анекдот: Бес мың теңге
Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Опыну)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Опыну)
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Жонып алды)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Жонып алды)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жетісу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жетісу)
Қазақша өлең: Таныстыру (Тәрбиеші)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Таныстыру (Тәрбиеші)
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Басымнан бермесем де билігімді)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Басымнан бермесем де билігімді)
Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Өтті ғой, сәулем, ай талай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Төлеген Айбергенов (Өтті ғой, сәулем, ай талай)
Қазақша Анекдот: Орыс, Қытай және Қазақ жарысы
Анекдоттар мен әзілдер жинағы
Қазақша Анекдот: Орыс, Қытай және Қазақ жарысы
Қазақша Құттықтау - тілек: Сүндет той (Ағайын, туыс)
Қазақша Құттықтау тілектер жинағы
Қазақша Құттықтау - тілек: Сүндет той (Ағайын, туыс)
Бата - тілек: Сүндет той
Баталар жинағы
Бата - тілек: Сүндет той

KZ / Өлеңдер жинағы, стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, стихи абая кунанбаева на казахском языке Қазақша өлең: Абай Құнанбаев казакша олен абай кунанбаев стихи абая кунанбаева на казахском языке абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері скачать абай құнанбаев өлеңдері, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке