Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Шілде) » ZHARAR © 2017 | сәбит дөнентаев Шілде өлең стихи на казахском сабит донентаев казакша олен, сәбит дөнентаев өлеңдері, стихи на казахском языке сабит донентаев, сабит донентаев олендери, Шілде




  • »

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Шілде)

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Шілде) казакша Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Шілде) на казахском языке

Жазбен жалғакс шілде келді,
Деп ұқпаңдар мүлде келді,
Қонысыңды қуантам деп,
Шақырайған түрде келді.
Маса, сона, бүгелектер
Ұрандасып бірге келді.
Бәріне де ерулік бар,
Кім шеттетер іргелі елді.
«Рас-ау» деп басын изеп,
Боз шолақтар тілге келді.
Сылдыр бақай, тақыр танау,
Сәске болмай үйге келді.
Қой пысқырып шөлдеп, шулап,
Ұзын мойнақ көлге келді.
Құдық басы төрт түлікпен
Шаңқай түсте үймеленді.
Қымыз жылып, жүректі алып,
Сусын қанбай күйзеу енді.
Бір бұлт шығып, жауса жаңбыр,
Шаң басылды, құдай берді.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 52
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .