Н.Назарбаев: Зейнетақы қорындағы қаражатты Үкімет тек бюджеттің тапшылығына қарай қолданады

Н.Назарбаев: Зейнетақы қорындағы қаражатты Үкімет тек бюджеттің тапшылығына қарай қолданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнетақы қорындағы қаражатты Үкімет тек бюджеттің тапшылығына қарай қолданады. Бүгін ағымдағы жылды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Әңгіме барысында журналистер тарапынан зейнетақы шоттарындағы жинақ қаражаттар туралы сұрақ қойылған болатын. Соның ішінде Бірыңғай зейнетақы қорына жеке басқарушылар келеді деген мәселеге Елбасы жауап берді.

«Біріншіден, жұртшылыққа кім зейнетақы төлеп жатыр? Мемлекет емес пе? Бүгін үш жолмен зейнетақы төленеді: жұмыс беруші, мемлекет, салық төлеуші. Біз басқа елдердің тәжірибелерін де алдық. Зейнетақы қорлары қауіпсіз жерде сақталып қана қоймай, ол еселеніп отыруы керек», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Президент екінші деңгейлі банктерге бұл қаражат сеніп тапсырылғанын, алайда банктердің өзі дағдарысқа тап болғанда, Қор қаражатына да қауіп төнгенін айтты. Екіншіден, банкирлер де халықтық қаражатты өз акционерлеріне несиеге бере бастағанын айтып, бұған ең алдымен мемлекет жауапты екенін жеткізді.

«Біз Ұлттық банкке осы зейнетақы қаражатын бергенде осы қауіптерді еске алдық», - деді Елбасы.

«Менің ойымша, халыққа алаңдаушылықтың қажеті жоқ: мемлекеттің міндеті - зейнетақы қаражатын сақтау. Екіншіден, мен зейнетақы қорларындағы қаражатты барлық кәсіпорындарға бірдей жарата беруге болмайтынын айттым. Үкімет тек бюджеттің тапшылығы негізінде оны жұмсай алады. Өйткені мемлекет сол қаражатқа өзі жауап береді», - деді Мемлекет басшысы.


Автор: Қанат Мәметқазыұлы, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады