Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото) казакша Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото) на казахском языке
Қазақстанда Facebook әлеуметтік желісіндегі ең танымал әрі үздік қолданушылар анықталды деп хабарлайды stan.kz.

Қазақстандықтардың рейтингін қолданушы Арман Ахметов анықтап, оны өз парақшасында жария етті.

Ең көп оқылатын қазақстандықтардың үштігіне 30 000-нан астам жазылушылары бар Аружан Саин мен Әлішер Елікбаев кірген. Ал тележүргізуші Баян Есентаева төртінші орында тұр. Бұл ретте бас бәйге шоумен Нұртас Адамбайдың еншісінде.

ТОП-50 қатарына Астана әкімі Әсет Исекешев те кіре алған. Сондай-ақ, үздіктер қатарында қазақстандықтарды шетелге барып өмір сүруге шақырған АҚШ-тағы қазақ баласы Темір Хан да бар.

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)


Жалпы рейтингке БАҚ өкілдерінен 11, қоғам қайраткерлерінен 10, шоу-бизнес жұлдыздарынан 7, блогерлер мен бизнесмендерден 6, билік өкілдерінен 4, саясаткер, сарапшы, спортшылардан 2 өкіл кірген. Ақпарат министрі рейтингтің 62-ші позициясына жайғасыпты.



Рейтинг жазылушылардың саны бойынша есептелген. Бұл ретте достарының саны және жазбаларының мағыналық құндылығы ескерілмеген.

Танымалдылық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озған. Президенттің немересі 14-ші орынға жайғасса, әнші небәрі 33-ші орынды місе тұтыпты.



Фавориттер қатарында блогер Әсел Баяндарова және білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов те бар. Олар 6-шы, 7-ші орындарды өзара бөліскен. Жалпы, рейтинг барысында 75 позиция қарастырылған.


Автор: ZHARAR | 1 563 | 3.09.2016



Загрузка...

KZ / Qazaqstan жаңалықтары, бойынша, қатарында, кірген, Жалпы, Қазақстанда, министрі, өкілдерінен, хабарлайды, ретте, желісіндегі, танымал, қолданушылар, үздік, анықталды, әлеуметтік, Facebook, жазбаларының, достарының, Айсұлтан, деңгейі, бойынша қатарында кірген Жалпы Қазақстанда министрі өкілдерінен хабарлайды ретте желісіндегі танымал қолданушылар үздік анықталды әлеуметтік Facebook жазбаларының достарының Айсұлтан деңгейі, Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)