Сүйінші! Хан Кененің бас сүйегі табылды


Кенесары Ханның бас сүйегі табылды. Бұл туралы Orda kz-ке сілтеме жасай отырып, Abai kz хабарлайды. 


Кенесары ханның бас сүйегі Омбыдағы мұражайлардың бірінен табылған. Ба сүйектің шынайылығы экспонаттарға ашылатын арнайы паспорт арқылы дәлелденген. Экспонат паспортында жәдігер қайдан алынғаны, кімге тиесілі болғаны, сыртқы көрінісі мен көлемі жазылады. Сонымен бірге бір ғана құжат жеткіліксіз, сондықтан арнайы генетикалық экспертиза жүргізілетін болады. Егер экспертиза нәтижесі оң болса, онда бас сүйектің табылғаны жайлы ресми жариялануы мүмкін. Келер жылы Кенесарының 220 жылдығы, сондықтан ол арнайы датаға да жаңалықты сақтап отыруы мүмкін.

Кенесары Ханның бас сүйеін іздеу тәуелсіздік алған күннен бастап жалғасып келеді. Алғашқы жылдары бас сүйекті Петербург қаласынан іздеді, себебі Ресейдегі революция кезінде Омбы қаласындағы барлық жәдігерлер сонда көшірілген деген ақпарат айтылған еді. Алайда көптеген жәдігердің Омбыда қалып қойғаны кейін белгілі болды.

Көктемде Хан Кененің басына қатысты тағы бір ақпарат шығып, ел шулаған болатын. Тарих және этнология Институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов сүйіншілеп, ақпарат таратқаны есімізде.

«Сүйінші! Кенесары ханның бас сүйегі табылды. Мені Ұлы ханның бас сүйегін елге қайтару туралы эксперттік комиссия құрамына қосты.

Бүгін біздің Ұлттық тарихымыздың жаңа кезеңі басталады. Бүгін біздің Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік (достық) қарым-қатынасымыздың тіпті, бөлек кезеңі басталады.

Ресей Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бас сүйегін Қазақстанға қайтару жөніндегі ресейлік эксперттік құрамға шақырту алдым және өз келісімімді бердім. Өйткені, Кенесары ханның бас сүйегі табылды.

Дәл қазір Ханның бас сүйегінің қайдан табылғаны немесе қазір қайда тұрғаны туралы егжей-тегжейлі айта алмаймын. Бұл жерде дипломатиялық һәм формалды мәселелер бар. Ал Ұлы ханның бас сүйегін Қазақстанға қайтару туралы бастама Ресей билігінің жоғары лауазымды тұлғалары тарапынан болғаны анық», - деп жазған еді Зиябек Қабылдинов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу