Хиллари Клинтонға бәтеңке лақтырды (видео)

Хиллари Клинтонға бәтеңке лақтырды (видео)

Оқиға АҚШ-тың бұрынғы мемхатшысы жергілікті қонақ үйде лекция оқып жатқан кезде орын алды. Залда отырған әйелдердің бірі Клинтонға бәтеңкесін лақтырды деп хабарлайды BNews.kz.

[media=https://www.youtube.com/watch?v=d1nIpV24EQU]

Саясаткер қашып үлгеріп, соңынан болған жайтты әзілге айналдырмақ болды. Қазір бәтеңке лақтырған әйел қамауда отыр.

"Бұл не болды өзі, біреу маған бірнәрсе лақтырды ма? Бұл дю Солей циркінің көрінісінен үзінді ме?", - деп әзілдемек болды Клинтон.

Осыдан кейін оқиға орнына полиция келіп жетті. Бәтеңкенің иесі Лас-Вегастың тұрғыны болып шықты. Қазір әйел қамауда, оны бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз, деп жазады RT. Осыдан бірер күн бұрын Клинтон 2016 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармаған болатын.

"Мені ол туралы өтініп, сондай қадамға баруымды құптап отырған адамдарға ризашылығымды жеткіземін әрі мақтан тұтамын. Қазір мен ол жайында ойланып жүрмін", - деп мәлім етті ол.

Калифорнияда маркетинг жөніндегі конференция барысында атап өткендей, Клинтон АҚШ президентіне үміткер ретінде өз кандидатурасын ұсыну туралы нақты шешімге келмепті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?